RU

8000-ға жуықтады: Елімізде коронавирус жұқтырудың тағы 322 дерегі тіркелді

23 мамырдың таңғы статистикасына сәйкес, Қазақстанда тағы 322 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. COVID-19 жұқтырудың бұл деректері кеше түнгі уақытқа дейін тіркелген. Нәтижесінде, республика аумағында қауіпті індетке шалдыққандардың саны сегіз мыңға жуықтап қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Еліміз бойынша вирус жұқтыру өсімі 4,2%-ды құрады. Бүгінде мемлекет аумағында коронавирус инфекциясы 7919 адамнан анықталды.

COVID-19 диагнозы елорда, екі мегаполис пен 12 өңір тұрғындарынан расталып шықты.

22 мамыр күні жұқтырудың ең көп дерегі қос астанада тіркелді. Коронавирус инфекциясы елорданың 83 тұрғыны мен 66 алматылықтан табылды. Нұр-Сұлтанда өсім 5,7%, болса, Алматыда - 3,3% құрады.

Шымкент қаласында өткен тәулікте қауіпті вирусты 34 адам жұқтырды. Еліміздің үшінші алып шаһарындағы өсім көрсеткіші - 6,3%.

Төменде қалған өңірлердегі статистиканы келтірдік:

Қарағанды облысы – 42 (9,8%) Жамбыл облысы – 20 (8,7%) Алматы облысы – 16 (6,1%) Түркістан облысы – 15 (5,7%) Ақтөбе облысы – 10 (4,1%) Батыс Қазақстан облысы – 10 (2,8%) Ақмола облысы – 3 (2,1%) Атырау облысы – 16 (1,9%) Қостанай облысы – 2 (1,8%) Шығыс Қазақстан облысы – 1 (1,7%) Қызылорда облысы – 3 (1,1%) Павлодар облысы – 1 (0,6%).

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Қазақстанның басқа да жаңалықтары