RU

Қазақстандықтар COVID-19 жұқтырғанын біле сала, дәрігерлерге жұдырық ала жүгіруде

Автор:

Отандық дәрігерлер коронавирус инфекциясы адамдардың жүйке жүйесіне әсер ететінін мәлімдеді. Медицина қызметкерлерінің мұндай тұжырымға келуінің өзіндік себебі дер бар. Олардың сөзінше, науқастар өздерінен COVID-19 анықталғанын естіген бойда, ақ халаттыларға жұдырық ала жүгіретін болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов: Depositphotos

Алдағы уақытта коронавирус инфекциясын жұқтырған қазақстандықтармен жұмыс жүргізу үшін психолог мамандарын тарту жоспарлануда. Оған науқастардың сынамалары оң нәтиже көрсеткенін білген бойда ашуланып шығып, ессіз әрекеттерге бой алдыруы себеп болған. Бұл туралы "Астана" арнасы хабарлады.

Алайда, елордалық инфекционист-дәрігер індетке қатысты бұлай әрекет ету орынды деп есептейді. Диагноз халықты шок күйге түсіргендіктен олар сәйкесінше ашуланып шығады. Медицина қызметкері науқастар диагнозы жайлы ести сала, бірден оны растайтын құжаттарды және анализ жүргізген лаборатория нөмірін сұрауды бастайды. Вирус жұқтырғандардың басым көпшілігі олардың сынама нәтижелерін шатастырып алды деп ойлап жатады.

Тағы да оқыңыздар

2019 жылғы кәріс телехикаялары: жаңа топтама

Дәрігердің айтуынша, науқастар өздеріне диагнозды хабарлаған ақ халаттыларға шабуылдаған оқиғалар болған. Алайда, медицина қызметкерлері мұндай жағдайларға да үйреніп қалғандарын айтады.

Әдетте, адамдардың өз диагнозын қабылдауы үшін үш тәулік керек. Одан кейін науқастар сабырға келе бастайды.

"Бұл сыртқа бағытталған агрессия. Бұл кінәліларды іздеу сериясы. Кінәліларды тапқан кезде бізге өз ашуымызды шығару оңай болып табылады. Егер таппасақ, біздің жүйке жүйеміз оны жасанды түрде өзі таңдап береді. Ол солай құрылған. Көбіне бұл таңдауға дәрігерлер түседі" , - психотерапевт дәрігер Динара Аяғанова.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Ұсынылған мақалалар

Тағы да оқыңыздар

NUR.KZ әлеуметтік желілерде