RU

Маусымда Түркия мен Қазақстан арасындағы әуе рейстердің ашылуы жоспарлануда

Қазақстан қалаларынан Түркия мегаполистеріне бағытталған ұшақтар келесі айдың соңына қарай іске қосылуы мүмкін. Екі ел министрлері рейстердің қайта ашылуы жөнінде талқылады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Анықталғандай, қазақстандық ведомствоның басшысы Бейбіт Атамқұлов көлік пен инфрақұрылым министрлігін басқаратын түрік әріптесі Адил Караисмаилоглумен телефон арқылы сөйлесті.

Қазақстандық министрліктің баспасөз қызметі Атамқұлов пен Караисмаилоглу осы жылдың алғашқы үш айында қос елдің бірлесе жұмыс істеуі қандай жетістіктер әкелгені туралы сөйлескенін мәлімдеді.

Белгілі болғандай, өткен жылмен салыстырғанда биыл екі мемлекет арасындағы ТЖ-тасымалы, автомобильдік және транзиттік тасымал мөлшері айтарлықтай өскен.

Сонымен қатар, қос тарап екі ел арасындағы әуе байланысын қайтадан ашу жөнінде талқылады.

Түркия мен Қазақстандағы эпидемиялық жағдай жақсарса, ұшақтар келесі айдың 20-нан бастап іске қосылмақ. Әуекомпаниялар санитарлық талаптарды сақтап, жолаушылар үшін қолайлы жағдай жасауды ұмытпауы тиіс.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Қазақстанның басқа да жаңалықтары