RU

Белгілі продюсер Жан Мұқановтың әкесі қайтыс болды

Автор:

Отандық танымал продюсер Жан Мұқановтың отбасында қайғылы жағдай орын алды. Талай әншінің жұлдызын жаққан маманның әкесі қайтыс болды. Бұл туралы оның өнердегі достарының әлеуметтік желілерінен белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/impresario.tv/sultankyzy. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Қаралы хабарды алғашқылардың бірі болып, белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы жеткізді. Ол өзінің Instagram парақшасында Жан Мұқановқа қайғыра көңіл айтқан.

"Жан, досым! Асқар тау әкеңнің жаны жәннатта болсын, нұры пейіште шалқысын. Жанұямыздың атынан қайғырып көңіл айтамыз" , - деп жазды ол.

Сонымен қатар, танымал продюсермен етене жұмыс істейтін әнші Тамара Асар да оған өз жұбатуын айтып, қайғысына ортақтасқан.

"Жан, асқар тау әкеңнің иманы саламат болсын! Алдынан жарылқасын" , - деп жазды өнер иесі.

Тағы да оқыңыздар

28 жасында Халық әртісі атанған Роза Рымбаеваның ең танымал әндері

Айта кетейік, өткен аптада Қарақат Әбілдинаның анасы өмірден өтті. Бірқатар өнер жұлдыздары әншіге көңіл айтып, оның анасына жантебірентерлік жазба арнаған болатын.

Оған қоса, 18-мамыр күні қазақ журналистикасы үшін де қаралы күн болды. Көпке сыйлы журналист Бейсен Құранбек ауыр дерті салдарынан қайтыс болды. Тележүргізуші 49 жасына қараған шағында өмірден озды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Ұсынылған мақалалар

Тағы да оқыңыздар

NUR.KZ әлеуметтік желілерде