RU

"Талаптар орындалмады": Сапарбаев Тараз қаласы мен қос аудан әкіміне сөгіс жариялады

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласы мен Байзақ және Талас аудандарының әкімдеріне карантин режимін тиісті дәрежеде қамтамасыз етпегені үшін сөгіс жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Жамбыл облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жамбыл облысы бойынша жедел штабтың кезекті отырысында коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал барысы талқыланды. Статистикаға сәйкес, аймақта COVID-19 ауруының өсуі байқалуда.

"Өкінішке қарай, облысымызда коронавирустық инфекцияның таралуы жалғасуда. Соңғы 10 күннің ішінде 30 жаңа жағдай анықталды. Бұл жергілікті алдын алу жұмыстарының әлсіздігін және карантиндік шаралардың тиісті деңгейде сақталмай отырғанын көрсетеді. Экономикалық қажеттілікке байланысты шағын және орта бизнестің кейбір салаларының қызметіне шектеулер алынып тасталды. Дегенмен, бұл қауіпсіздік шараларын елемеуге болады дегенді білдірмейді. Карантиндік режимнің талаптары сақталуы керек және оған барлығы міндетті.
Алайда, Тараз қаласы мен аудан орталықтарында көптеген тұрғындар қорғаныш медициналық маскаларын пайдаланбауда, ал сауда орындары мен басқа да нысандарда азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиісті талаптар орындалмай отыр. Айталық, Талас және Байзақ аудандарында бір жерде адамдардың көп жиналуына қатыс жағдайдың салдарынан аурушаңдықтың өсуі орын алған", - деді Сапарбаев.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Аймақ басшысы жергілікті атқарушы органдар мен салалық ведомство басшыларын халық арасында түсіндіру шараларын күшейтуге, кейінгі кездері жұмыстарын әлсіретіп алған мобильді топтардың қызметін қайта жандандыруға шақырды.

Сондай-ақ, өз жұмысында жіберіп алған кемшіліктері үшін Тараз қаласының, Талас және Байзақ аудандарының әкімдеріне сөгіс жарияланғаны, сондай-ақ, осы бағытқа жетекшілік ететін Тараз қаласы әкімінің орынбасары қызметінен босатылғаны белгілі болды. Бұдан бөлек, Қордай, Байзақ және Талас аудандары әкімдерінің орынбасарларының жеке жауапкершілігі қаралады.

Айта кетейік, облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Берік Жарқынбековтің айтуынша,  ағымдағы жылдың 24 наурызынан 21 мамырына дейін аймақта коронавирус инфекцияcының 229 жағдайы тіркелген. Оның басым бөлігі Тараз қаласы мен Қордай және Байзақ аудандарында орын алған.

Бұған дейін аурудың өңірімізге сырттан әкелу жағдайлары көбірек байқалса, соңғы кездері жергілікті тұрғындар арасында жұқтыру дерегі өсіп отыр. Мұндай оқиғалардың жоғары үлес салмағы облыс орталығында және Байзақ ауданында анықталған. 21 мамыр күнгі жағдайға сәйкес, облыс бойынша аурушаңдықтың өсу деңгейі тәулігіне 5,4 пайызды, ал соңғы 7 күнде – 17,4 пайызды құраған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Қазақстанның басқа да жаңалықтары