RU

Халықаралық әуе рейстерінің қайта жанданғаны рас па: комитет жауап берді

Автор:

Азаматтық авиация комитеті халықаралық рейстерге билет алушыларға үндеу жасады. Мамандардың айтуынша, әуе билеттерін сату және сатып алу халықаралық рейстердің ашылғанын білдірмейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ комитеттің Facebook желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

​"Әуе компаниялары мен делдалдардың сайттарында халықаралық бағыттарға билеттер сатылып жатқаны туралы ақпаратқа байланысты ұшулар басталар алдында бірнеше айға сатудың әлемдік тәжірибесіне сай халықаралық рейстерге билет сату реттелмейтінін және шектелмейтінін хабарлаймыз", – делінген ведомство парақшасында.

Мамандардың мәліметінше, елімізге келетін немесе елімізден ұшатын халықаралық бағыттар бойынша әуе билеттерін сату және сатып алу халықаралық рейстердің қайта басталғанын білдірмейді және жолаушыға таңдап алынған бағыт және рейс күні бойынша ұшуға кепілдік бермейді.

"Халықаралық бағыттар бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін қайта бастау эпидемиологиялық жағдайға, Қазақстан мен шет елдердің мемлекеттік шекарасынан өту шектеулеріне, cондай-ақ мемлекеттердің визалық талаптарына байланысты анықталады", – делінген азаматтық авиация комитетінің хабарламасында.

Тағы да оқыңыздар

iHerb-тен өнім сатып алу арқылы өз ақшаңызды қалай үнемдеуге болады?

Халықаралық әуе қатынастарын қайта бастау туралы шешімді Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдарын ескере отырып, сондай-ақ шет мемлекеттер тарапынан келіп-кетуге қойылған шектеулерді алып тастауына байланысты қабылдайды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан – Алматы бағытындағы ұшақ билеттерінің бағасы бекітілгенін хабарлағанбыз.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Ұсынылған мақалалар

Тағы да оқыңыздар

NUR.KZ әлеуметтік желілерде