RU

Бір ай бұрын жоғалған Руслан Жұбанышевтың әкесі өзіне қол жұмсамақ болған

Автор:

Із-түссіз жоғалған 17 жастағы Руслан Жұбанышевың әкесін туыстары құтқарып қалды. Ол өзіне қол жұмсамақ болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр

Тура бір ай бұрын Қостанай облысы Ыбырай Алтынсарин ауданында орналасқан Ілияс Омаров ауылында 17 жастағы Руслан Жұбанышев жоғалып кеткен еді.

Студенттің туыстары жігіттің жұмбақ жоғалып кетуі туралы істе ешқандай алғы жылжушылық жоқ екенін мәлім етті.

Туыстары қылмыстық істің әділ қаралуын сұрайды.

Алайда, олар сол күнгі оқиғаны ашуға мүмкіндік беретін бірде-бір мәлімет таппағанын айтты.

Еске сала кетсек, Руслан 28-29 сәуір аралығында жоғалған. Ол достарымен бірге балық аулайтын ауларды тексеруге кеткен. Көлде жігіттер пикникке жиналған ұжымды кездестірген. Олардың арасында ауыл округі әкімінің баласы Таубек Нұртасов та болған.

Русланның туыстарының айтуынша, оларға қарсы қазіргі кезде ақпараттық шабуыл жасалуда. Ал шенеунік өз баласын қорғап жатыр.

Жігіттің жоғалып кетуіне сәйкес, "Кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Із-түссіз кеткен жігіттің жақындары ауылда күн сайын полиция қызметкерлері жұмыс істегенімен, нәтиже жоқ екенін жеткізді.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Ұсынылған мақалалар

NUR.KZ әлеуметтік желілерде