RU

Қазақстандықтар басқа қалаға қашаннан бастап өз көліктерімен бара алады

Автор:

Көліктегі бас санитар дәрігер ОКҚ-да өткен брифингте қазақстандықтар қашан өз көліктерімен аймақтан аймаққа еркін жүре алатынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

"Пойызбен саяхаттағаннан гөрі отбасы мүшелерімен бірге көлікпен жүру қауіпсіз деп ойламайсыз ба? Оның үстіне пойызда бейтаныс адамдар көп және ондағы дәретхана барлығына ортақ", – деп сұрақ қойды журналистер.

Бұған жауап ретінде Сәдуақас Байғабылов жол тосқауылдары маусымның басынан бастап алынып тасталатынын айтты. Нәтижесінде облыстар мен облыс орталықтары арасындағы автомобиль байланысы да қалпына келеді. Бұл дегеніміз, қазақстандықтар өз көліктерімен еркін жүре алады.

Бұған дейін Көлік комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Тайжанов ведомствоаралық комиссияның шешімін жариялаған болатын. Шешімге сәйкес, 1 маусымнан бастап Қазақстан қалалары мен облыстары арасындағы жол тосқауылдары алынып тасталады, ал 5 маусымнан бастап елімізде қалааралық тасымалдау қайта жанданбақ.

Оған қоса, азаматтық авиация комитеті халықаралық рейстерге билет алушыларға үндеу жасады. Мамандардың айтуынша, әуе билеттерін сату және сатып алу халықаралық рейстердің ашылғанын білдірмейтін көрінеді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Ұсынылған мақалалар

NUR.KZ әлеуметтік желілерде