RU

Бала-шағасымен Алматыға кіргеніне қуанған тележүргізуші көптің көңілін көтерді (видео)

Автор:

Әлеуметтік желіде белгілі тележүргізуші Ерқанат Көпжасардың бала-шағасымен Алматы қаласына кіргеніне қуанған сәті тарап, көпшіліктің көңілін көтерді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Видеодан кадр

Тележүргізуші видеоны Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялап, "Тас қамал алынғандағы қуаныш", - деген жазба қалдырды.

Кадрдан журналисттің көлік тізгінінде келе жатып, Алматы қаласына өткенін аңғаруға болады. Оның оңтүстік астанаға облыс аумағынан кіргенін естіген бала-шағасында қуаныштан айқайлап жіберген.

Видеоны көрген желі оқырмандары пікірлерін жаудырды.

"Блок бекеттен өту бір бақыт", "Алматыға кіргенімізге осылай қуанамыз деп ойламаппын", "Мен де үш айдан кейін Алматыға енді келдім. Алматы қатты өзгеріпті", "Жарайсың Ереке, видеоны көріп, қатты күліп алдым", "Карантинде Алматы қол жеткізбеді, көп адамға арман болды", "Мейрамда бала шағаларыңа керемет сыйлық жасадың", - деп жазуда олар.

Еске сала кетсек, осыған дейін 1 маусымнан бастап еліміздегі блок-бекеттердің алынатыны хабарланған. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымды даму министрлігі Көлік комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Тайжанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлімдеді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Ұсынылған мақалалар

NUR.KZ әлеуметтік желілерде