RU

Тоқаев Аида Балаевға бірқатар тапсырма берді

Автор:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаевамен кездесті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: Ақорда

Кездесу барысында президентке министрліктің атқарып жатқан жұмысы және таяу болашақтағы жоспарлары туралы баяндалды.

Мемлекет басшысы дағдарысқа қарсы шараларға және азаматтық қоғамды дамытуға баса назар аудару қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ халықпен кері байланыс жұмысын күшейту, мемлекеттік ақпараттық тапсырыс нормаларын жетілдіру, мемлекеттік медиаресурстарды оңтайландыру, салалық журналистиканы дамыту мәселелері де қозғалды.

Сонымен қатар Аида Балаева Қасым-Жомарт Тоқаевқа жақында құрылған этносаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитет пен Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының міндеттері жайында мәлімет берді.

Президент ақпараттандыру және қоғамдық даму бағытындағы жұмыстардың тиімділігін арттыру жөнінде тапсырма берді.

Еске сала кетсек, мемлекет басшысының жарлығымен таяуда Аида Балаева ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалған еді.

Осыған дейін бұл қызметті атқарған Дәурен Абаев президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Ұсынылған мақалалар

NUR.KZ әлеуметтік желілерде