RU

Биыл "5-10-20" бағдарламасы аясында қанша үй салынатыны белгілі болды

Автор:

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов үкіметке берген есебінде тұрғын үй құрылысына қатысты жоспарларды айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Министр осы жылы 15 миллион шаршы метр тұрғын үйді салу жоспарланып отырғанын атап өтті. Бұл 150 мыңдай пәтер.

Атамқұловтың сөзінше, жыл басынан бері 25 мың пәтер пайдалануға берілген.

"Сонымен қатар, осы жылы президенттің тапсырмасымен кезекте тұрған азаматтардың баспана мәселесін шешу мақсатында "Шаңырақ" пилоттық жобасын бастаймыз. Оған 390 миллиард теңге бөлініп отыр. Қаражаттың 180 миллиард теңгесі аймақтарда әлеуметтік кредиттік баспананы салуға жұмсалса, 210 миллиард теңге тұрғын үй банкі арқылы "5-10-20" бағдарламасы бойынша ипотекамен беріледі. Осы бағдарламамен жаңа үйлер сатып алынады", – дейді ол.

Министр соңғы үш жылда "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында 36,8 миллион шаршы метр тұрғын үй бой көтергенін жеткізді. Осылайша, 330 мыңнан астам пәтер пайдалануға берілген.

Атамқұловтың мәліметінше, өткен жылы 13,1 миллион шаршы метр салынып, 116 мың адам баспаналы болған. Соның ішінде 11 мың отбасы және 3 мың жұмысшы жастар жалдамалы пәтерге кірді. Ал 15 мың адамның жеңілдікпен ипотека алғаны белгілі болды. 

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

"Қазіргі кезде әрбір адамға шаққанда пайдалануға берілетін тұрғын үйдің көрсеткіші 0,71 шаршы метрге жетті. Бұл – ТМД аймағындағы ең жоғары көрсеткіш", – деді индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі .

Еске сала кетсек, осыған дейін индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов төмен пайызбен кімдер баспана алатынын мәлімдеген.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Ұсынылған мақалалар

NUR.KZ әлеуметтік желілерде