RU

Күдебаев ұлының өлімі: Алматы ауруханасының бас дәрігері алғаш рет сұхбат берді

Автор:

Алматы полициясының бұрынғы бастығы Серік Күдебаевтың ұлының өліміне қатысты тергеуге алынған мегаполис ауруханасының бас дәрігері Қанат Тезекбаев 9 айдан кейін алғаш рет журналистерге сұхбат берді. Тергеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр: "Астана" телеарнасы

Медцина қызметкерлері эксклюзив сұхбатты "Астана" телеарнасының тілшісіне берді. Тезекбаев тергеу уақытында медициналық тәжірибеден аластатылған еді.

Қанат Мәрденұлы дәрігерлік тәжірибені сағынып, ал отаны түсінде көріп жүргенін айтады. Ақ халатты азамат бірнеше ай бойы ауруханада жұмыс істемегеніне қарамастан, пациенттер мен әріптестері оған әлі күнге дейін жүгініп жүр екен.

Тезекбаевтың сөзінше, Алматы маңындағы Bek Air ұшағы апатқа ұшыраған күні ол алматылық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығына хабарласып, әріптестеріне көмектесуге рұқсат етуді сұраған.

Нәтижесінде Қанат Мәрденұлы ауруханаға бармай, басқа дәрігерлерге қашықтан қол ұшын берген. Ақ халаттылар таңнан бастап оған пациенттің рентген суреттерін жіберіп, кеңес алып отырған.

Әлі аяқталмаған тергеу жұмысы жайында Тезекбаев ештеңе айтпады. Себебі, ол тергеу барысында ақпаратты жарияламау жайлы келісімшартқа қол қойған.

Айта кетейік, Алматы полициясы экс-бастығы Серік Күдебаевтың ұлы Нұрсұлтан Күдебаев тамыз айының басында Алматы облысында квадроциклмен жол апатына түсті.

27 тамыз күні ол Германиядағы ауруханалардың бірінде көз жұмды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Ұсынылған мақалалар

NUR.KZ әлеуметтік желілерде