RU

Велосипедпен қажылыққа барған қазақ жігіт Мәдинадағы қазіргі жағдайды баяндады

Автор:

Қажылық парызын ерекше жолмен өтеген ақтөбелік Дәулет Тәжікенов әлі де Біріккен Араб Әмірлігінде жүр. Ол Мекке қаласына жету үшін велосипедпен үш айға жуық жол жүрді. Қазір карантин уақытына тап болып, кері қарай шыға алмай қалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: Дәулет Тәжікеновтің жеке мұрағаты

Қасиетті қалада үш ай карантинде жатқан қазақ жігіті еш өкінбейді.

Ол әлеуметтік желіде Мәдина (Медине - ред.) қаласындағы мешіттердің ашылғанын хабарлап, қуанышында шек жоқ екенін жеткізген.

"Үш ай студенттерге арналған жатақханада тұрдым.  17 мыңнан аса студенті бар жатақхана аумағындағы қақпа үш ай жабық болды. Дүкеннен басқа еш жерге шыққан жоқпыз.
Ол біздің ақшамен шамамен 115-120 мың теңге. Мешітте де қашықтықты сақтап отырасың. Карантиннен кейін қаланы аралауға шыққанда жанар-жағармай бағасының түсіп кеткенін көрдік",- дейді Дәулет Тәжікенов.

Фото: Дәулет Тәжікеновтің жеке мұрағаты

Оның айтуынша, алты күндік Шәууәл оразасынан кейін қала ішіндегі жабылған қақпалар ашылып, мешіттер жұмысын бастаған.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

"Карантин кезінде жатақхана шатырында спортпен айналыстым.  Күн қатты ыстық. Күнделікті 40 градустан асып тұрады. Бұл жақта студенттерге барлық жағдай жасалған. Жатақханада тегін тұрады. Ақшаны тек тамаққа шығарады. Оқу орны тарапынан әр студентке 100 мың теңге стипендия төлейді",-дейді ол.

Фото: Дәулет Тәжікеновтің жеке мұрағаты

Ол қажылық амалдарын орындап үлгерген. Мініп барған темір тұлпарын сол жақта сатып, шекаралар ашылған уақытта елге ұшақпен қайтуды жоспарлап қойған.

Қасиетті жерге жол ауыртпалығын сезініп баруды жоспарлаған ол осыған дейінгі сұқбатында жолға ұзақ дайындалғанын айтқан еді. 

Барша қазақстандықтарды таң қалдырған қазақ жігіті қаладағы фитнес орталықтарының бірінде жаттықтырушы болып жұмыс жасады.

Фото: Дәулет Тәжікеновтің жеке мұрағаты

Еске сала кетейік, бұған дейін Дәулет Тәжікеновтің қажылыққа велосипедпен аттанғанын хабарлаған едік.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Ұсынылған мақалалар

NUR.KZ әлеуметтік желілерде