RU

"Оны дәлелдеудің қажеті жоқ": Әлімханұлы "Канело" мен Джейкобсты жеңе алатынын мәлімдеді

Автор:

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы әйгілі былғары қолғап шеберлерін жеңе алатынын мәлімдеді. Отандасымыз атын атаған спортшылардың арасында Сауль Альварес, Дэниел Джейкобс сынды танымал боксшылар бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Боксшының әлеуметтік желідегі парақшасы

Боксшы Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында мексикалық Сауль Альварес пен америкалық Деметриус Андраде және Дэниел Джейкобстың суретін жариялап, жазба қалдырды.

"Менің оларды жеңе алатынымды барлығы біледі. Маған оны дәлелдеудің қажеті жоқ. Тек іс жүзінде көрсеткім келеді. Қазақ стилі-бұл ең үздік стиль", - дейді Жәнібек Әлімханұлы.

Айта кетейік, соңғы жекпе-жегін Жәнібек Әлімханұлы өткен жылы 10 қарашада АҚШ-тың Калифорния штаты Фресно қаласында өткізген болатын. 10 рауднқа жоспарланған титулды жекпе-жекте ол канадалық қарсыласы Альберт Онолунсені (24-2-1, 8 КО) техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Осылайша боксшы кәсіби рингте сегізінші жеңісіне қол жеткізіп, оның төртеуін нокаутпен аяқтады. Сондай-ақ орта салмақтағы өзінің WBC Continental Americas және WBO Global белбеулерін қорғап қалды.

Осы жылдың басында боксшы келесі жекпе жегін наурыз айынды өткізетінін мәлімдеген. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты кездесу болмады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Ұсынылған мақалалар

NUR.KZ әлеуметтік желілерде