RU

"Қоштасып үлгермедім": Блок-бекетте көз жұмған полицейдің жары алғаш рет сұқбат берді

Автор:

Алматы қаласына кіре берістегі блок-бекетте орын алған жол апатынан қайтыс болған полиция қызметкері Дастан Абдықановтың жақындары оқиғаның ақ-қарасын анықтауды сұрап отыр. Қара жамылған отбасы кінәлінің әділ жазалануын сұрайды деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Видеодан кадр/КТК

Марқұмның әйелі: "күйеуіммен қоштасып та үлгермедім" деп, көзіне жас алған.

Оның айтуынша, сол түнгі ауысымға кететін уақытта Дастан жақындарының үйіне айттауға кетіпті.

Динара жалпы карантин режимі басталғалы күйеуінің жұмысы көбейгенін жасырған жоқ. Алайда, блок-бекеттегі кезекшілікке санаулы рет түскен көрінеді.

"Блок-бекетке екі-үш реет қана түскен. - Тап сол блок-бекетке ме? - Жоқ, бұл блокпостқа бірінші рет барды. Үш ай бойы ауыр жағдайда істеді ғой. Бұлардың бәрі ауыр жағдайда жүрді", - деді ол.

Марқұмның әйелі Азат Азаматов апат болған күнге дейін форма киіп, Алмалы аудандық полиция бөлімінде қызмет етті деп отыр.

Ал қайғыдан қабырғасы қайысып, өзегі өрттенген полиция қызметкерінің анасы істің ақ-қарасын мемлекет басшысынан анықтауды сұрап, хат жолдады.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

"Үш адамның жанұясын ойрандап кетіп отыр. Үш отбасында қанша баланың болашағы қалды, қанша жар еңіреп қалды, қанша ана, қанша әке қан жұтып қалды. Оның өзі осы үш отбасының басына келген үлкен қайғы-қасірет. Ол адам жер басып жүрер, өмір сүрер, тамақ ішер, ұйықтар, бірақ мен ойлаймын, түптің-түбінде Алла жазасын береді", - деді Жанатгүл Әбірова.

Телеарна мәліметінше, Дастан Әбдіқановтың қырқынан енді шыққан ұлы бар. Қаза тапқан екінші полицей Жарас Жанғазиевтің артында қос қызы мен жүкті әйелі қалған.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Еске сала кетейік, екі полиция қызметкерінің өмірін жалмаған жол апаты 25 мамырда таңғы сағат 5.30-да Көксай ауылындағы блок-бекетте болған.

BMW көлігінің жүргізушісі, әуелі бетон қоршауға соғылып, содан кейін полиция қызметкерлерінің көлігіне соқтығысқан. Көлік ішінде қос бірдей полиция қызметкері отырған.

Алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында полиция аға лейтенанты Жалғас Жанғазиев қайтыс болса, оның әріптесі полиция сержанты Дастан Әбдіқанов ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, сол жерде есін жимастан көз жұмған.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Осыдан кейін күдіктіге қатысты әлеуметтік желіде түрлі деректер шықты. Оның тәртіп сақшысы болғандығы да айтылды.

Ал қалалық полиция департаменті полиция қызметкері деген ақпаратты басында жоққа шығарып, бір күннен кейін, жол апатына кінәлі азаматтың бұрын құқық қорғау органдарында қызмет еткенін растады. Департамент күдіктінің осыған дейін өз қызметіне салғырт қарағаны үшін жұмыстан қуылғанын мәлімдеді.

Марқұм Абдықанов Дастанның жары әлеуметтік желідегі парақшасында күдіктінің күйеуімен бірге жұмыс істегенін жеткізсе, ал марқұмның әкесі Instagram-дағы жазбаларды келіні жазбағанын айтты. Ол БАҚ беттері мен желіде тараған мәліметтерді естігенін, бірақ оған сұқбат беруге отбасы мүшелерінің мүмкіндіктері болмағанын жеткізді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Ұсынылған мақалалар

NUR.KZ әлеуметтік желілерде