RU

Илья Ильин Қызылордада өзі оқыған университетте сабақ беретін болды

Автор:

Белгілі ауыр атлет Илья Ильин алдағы оқу жылынан бастап Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде жастарға дәріс беретін болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Фото: Instagram/ ilyailyinforever

Илья Ильин аталған жоғары оқу орнында 2005-2009 жылдар аралығында білім алған.

Ол 2011 жылы магистратураны тәмамдап, педагогикалық ғылымдардың магистрі дәрежесін алған.

Ауыр атлет университет ректоры Бейбіткүл Кәрімовамен кездесу барысында ұстаздарына өзінің ризашылығын жеткізді. Оған білім алушы жастарға дәріс беру туралы ұсыныс айтылды.

Кездесуде университеттің спорт саласындағы жетістіктерін арттыру мақсатындағы жұмыстар мен Илья Ильин мектебін қалыптастыру мәселесі талқыланды. Бұл ұсынысты ауыр атлет қабыл алды.

Айта кетейік, осыған дейін Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының бұйрығымен Илья Ильин "Мұз айдыны" спорт кешенінің директоры болып тағайындалды.

Ол 17 жасында ең жас әлем чемпионы болып, есімі Гиннесстің рекордтар кітабына жазылды. Әлемнің және Қазақстан Республикасының ең үздік спортшысы атанды. 2008 жылы "Қызылорда облысының құрметті азаматы" атанды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Ұсынылған мақалалар

NUR.KZ әлеуметтік желілерде