RU

Шымкенттің полиция бастығы туғаннан көзі көрмейтін сәбидің арманын орындады (видео)

Автор:

Шымкенттік полицейлер туа бітті көзі көрмейтін екі жасар қыздың арманын орындады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz cайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: polisia.kz

Амалияның туғаннан қос жанары көрмейді. Бірақ, соған қарамастан, айналадағы дүниелерге қызығушылық танытып, үнемі зеректігін көрсетеді екен.

Оған анасы Оксана Игоревна полиция қызметкерлерінің жұмысы туралы, олардың қоғамдық қауіпсіздікті сақтаудағы еңбегі туралы жақсылап түсіндірген. Содан болар, кішкентай Амалия полицейлер жайлы өзіндік түсінік қалыптастырған.

Жарық дүниені көрмесе де иіс сезу, ойлау, қолмен ұстап, сезіну қабілеті аса қатты дамыған ол анасына кәдімгі полиция қызметкерімен танысуды жиі сұрай бастаған.

Карантинге байланысты үйінен шыға алмаған Оксана қызының тілегін орындау үшін Шымкент қаласы Полиция департаментінің instagraм парақшасына осы өтінішін жазыпты.

Департамент бастығы Ералы Жумаханбетов тығыз жұмыс кестесіне қарамастан, аталған өтінішке адамгершілік тұрғысынан қолдау білдіріп, ықылас гүлімен кішкентайдың ұйіне барған.

Сонымен қатар, 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай қаланың бас полицейі Амалияға барып, мейрамымен құттықтап, автоматтандырылған ойыншық көлікті тарту етті. Сондай-ақ, бүлдіршіннің ауладағы көрші достарына да сыйлықтар табыстады.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Айта кетейік, полиция қызметкерлері қаза тапқан блок-бекетте болған жол-көлік апаты туралы іс Ішкі істер министрлігіне тапсырылды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Ұсынылған мақалалар

NUR.KZ әлеуметтік желілерде