RU

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 6,6 миллионнан асты

Автор:

Әлем бойынша коронавирус инфекциясы 6 639 092 адамнан анықталды, өткен тәуліктің ішінде вирус жұқтырған 127 369 адам тіркелген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Газета.ru-ға сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

Аталған деректерді Джонс Хопкинс университетінің ғалымдары келтіріп отыр.

Пандемия басталғалы бері 391 179 адам коронавирустан көз жұмған, ал соңғы бір күн ішінде 5 106 пациент қайтыс болған.

Ал инфекциядан жазылып шыққандар саны – 2 872 731 адам.

Вирус жұқтыру көрсеткіші бойынша АҚШ көш бастап тұр. Соңғы деректерге сәйкес, елде вирус жұқтырғандар саны – 1 872 660 адам.

Екінші орында – Бразилия. Мемлекетте 614 942 адамнан COVID-19анықталған.

Үшінші орында – Ресей Федерациясы. Көршілес елде 449 256 адам коронавирус жұқтырған.

Тағы да оқыңыздар

iHerb-тен өнім сатып алу арқылы өз ақшаңызды қалай үнемдеуге болады?

Ал енді Қазақстандағы жағдайға келер босақ, елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 12 312-ге жетті.

Республика бойынша 6 696 адам коронавирустан жазылып шықса, 52 пациент көз жұмды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы еуропалық бюросының директоры Ханс Клюге бірқатар елдерде, соның ішінде Қазақстанда инфекциялардың көбею себептеріне пікір білдірген берген болатын.

Ол Армения, Қазақстан және Әзірбайжан сияқты бірнеше елдің үкіметтері коронавирусқа қарсы тиісті шараларды уақытылы қабылдап жатқанын атап өтті.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Ұсынылған мақалалар

Тағы да оқыңыздар

NUR.KZ әлеуметтік желілерде