RU

Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі 20 жылын түрмеде өткізуі мүмкін

Автор:

Қырғызстан астанасы - Бішкектің Бірінші май аудандық сотында Тарихи музейді қайта жөндеуде және Шолпан Ата қаласындағы ипподром құрылысын жүргізуде орын алған заңсыздықтарға қатысты істі қарау кезінде мемлекеттік айыптаушы экс-премьер-министр Сапар Исаковқа 20 жыл бостандығынан айыру жазасын сұрады деп хабалайды KAZ.NUR.KZ Centralasian.org қызметіне сілтеме жасап.

Сапар Исаков. Фото: Centralasian.org

Прокурор оған 247 млн сом (3,3 млн доллар) айыппұл салып және 20 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады.

Қырғызстан бас прокуратурасының мәліметінше, Тарихи музейді қайта жөндеу кезінде бюджетке 101,6 млн сом (1,3 млн доллар) шығын келген. Ал Шолпан атада ат бәйгесі стадионын салу жұмыстарында корруцпия орын алған дейді.

Естеріңізге сала кетсек, 2019 жылдың желтоқсан айында Бішкектегі жылу электр станциясын модернизациялау кезінде заң бұзушылықтар орын алды деген айыппен бұрынғы премьер-министр Сапар Исаков 15 жыл түрмеге кесілген.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Ұсынылған мақалалар

NUR.KZ әлеуметтік желілерде