RU

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маска тағуға қатысты ұсынысын өзгертті

Автор:

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы медциналық бетперде тағуға қатысты ұсынысын өзгертті. Әлемдік ұйым қоғамдық көлік пен дүкендерде масканы міндетті түрде қолдану керек екенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Спутник Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әр мемлекеттің үкіметтеріне кеңес беріп, коронавирус кеңінен таралып, қашықтық сақтау қиындайтын жерлерде халыққа медициналық бетперде тағуды ұсыну қажет деп отыр. Мәселен, қоғамдық көлік пен дүкендерде маскасыз жүрмеген жөн", — деп жазады РИА Новости ұйым өкілінің сөзіне сілтеме жасап.

ДДҰ созылмалы ауруы бар және жасы 60-тан асқан егде адамдарға бетперде тағу аса маңызды екенін жеткізді.

Сонымен қатар, барлық медицина саласының қызметкерлері маска тағуға міндетті. 

Бетперде вирустан тиімді қорғауы үшін кем дегенде үш қабат болуы керек екені айтылды.

Естеріңізге сала кетсек, соңғы мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда коронавирус жұқтырған науқастар саны 12 551 адамға жетті. Осы уақытқа дейін 6 903 адам жазылып шығып, 52 науқас көз жұмған еді.

Сондай-ақ, ДДСҰ еуропалық бюросының директоры Ханс Клюге бірқатар елдерде, соның ішінде Қазақстанда инфекция жұқтыру деректерінің көбею себептеріне қатысты пікір білдірген болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Ұсынылған мақалалар

NUR.KZ әлеуметтік желілерде