RU

Алматыда жол қозғалысына қауіп тудырған кортеж жүргізушілері жазаланды (видео)

Автор:

Алматылық полицейлер қала тұрғындарының шамына тиген түлектер кортежінің жүргізушілерін ұстап, жауапкершілікке тартты. Жол қозғалысына қауіп тудырған кортеждің видеосы әлеуметтік желілерде пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Кадрлар видеодан алынды

Жақында Instagram желісіндегі kris_p_brothers_official парақшасында үш автокөліктен тұратын кортеждің видеосы жарияланды. Кадрлардан көлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзғанын, ал жолаушылардың терезеден шығып алып, ерсі қылық танытқандарын көруге болады.

Полицияның мәліметінше, кортежде жақында ғана мектеп бітірген түлектер отырған.

Жол қозғалысының өзге қатысушылары оқиғаны видеоға түсіріп, жастардың әрекетіне ашуланған.

"Балалар, бұл не деген сұмдық? Жолдың қарама-қарсы бетіне шығып, қауіпті маневрлер жасауда. Бұл жол қозғалысы ережелерінің өрескел бұзылуы", – деп пікір білдірді роликтің авторы.

Полицияның ақпарынша, видео Медеу ауданында түсірілген. Ал көліктерде мектеп түлектері отыр, олар "Медеу" шатқалына бара жатқан.

Кортеждің барлық жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айта кететін жайт, жол талғамайтын көліктерді ересек адамдар басқарған: біреуі – 42, екіншісі – 45 жаста. Ал үшінші көлікті 20 жастағы жігіт жүргізген.

Еске сала кетейік, биыл коронавирус пандемиясына байланысты Алматы мектептерінде соңғы қоңырау қалай өткенін жазғанбыз.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Ұсынылған мақалалар

NUR.KZ әлеуметтік желілерде