RU

Ер адам өртеніп жатқан ғимарат шатырынан кранның көмегімен құтқарылды (видео)

Автор:

3 маусымда Алматыдағы Шығыс айналма жолының бойында орналасқан құрылыс алаңында өрт шыққанын жазған едік. Бүгін әлеуметтік желіде өрт кезінде сол ғимараттың шатырында қалып қойған жұмысшыны құтқару сәтінен видео пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кадрлар видеодан алынды

Видео Instagram желісіндегі kris_p_brothers_official қоғамдық парақшасында жарияланды.

Кадрлардан өрт кезінде шатырда қалып қойған жұмысшының құрылыс кранының көмегімен құтақырылғанын көруге болады.

"Кран жүргізушісі соңғы минуттарда адамды құтқарып алды. Бұл Шығыс айналма жолында болған өрт. Нағыз батыр", – делінген видеоның жазбасында.

Айта кетейік, бұған дейін оңтүстік астанадағы Шығыс айналма жолының бойында орналасқан құрылыс алаңында өрт шыққанын хабарлағанбыз. Куәгерлер желіде оқиға орнында түсірілген сурет және видеолармен бөлісті.

Бұл жайтқа қатысты Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірген болатын. Ведомство Медеу ауданында өрт болғаны жайында куәгерлер хабарлағанын жеткізді. Департамент өкілдері оқиға орнына мамандар мен қажетті техника жіберілгенін хабарлады.

Сондай-ақ бұған дейін Алматыда аумағы 1000 шаршы метрлік қойма өртенгенін жазғанбыз. Оқиға Түрксіб ауданындағы тіркелген.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Ұсынылған мақалалар

NUR.KZ әлеуметтік желілерде