RU

Тоқаевтың баспасөз хатшысы коронавирус жұқтырып, ауруханаға түсті

Автор:

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәлиден коронавирус инфекциясы анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Facebook/Берік Уәли

Бұл туралы Берік Уәли Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Ардақты ағайын! Өкінішке қарай, бүгін аса бір жайсыз жаңалықты жариялайын деп отырмын.

Әлемді айналып, елімізді шарлап кеткен коронавирус індеті менен де табылды. Кеше тапсырған тест қорытындысы оң нәтиже берді. Қазір ауруханада, дәрігерлердің қарауында жатырмын. Жағдайым бір қалыпты. Аса алаңдайтындай емес. Ем қабылдаудамын.

Басын ашып айтатын мәселе, Президент белгіленген кестеге сәйкес жұмыс істеп жатыр. Мемлекет басшысының денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Қасым-Жомарт Кемелұлы үнемі тест тапсырып, қорытындысын алып отыр. Ақордада санитарлық режим күшейтіліп, қауіпсіздік шаралары қатайтылған.

Осы індет басталғалы барлығымыз дабыл қағып, сақтануға, дертті жұқтырмаудың жолдарын қарастыруға шақырып келеміз. Бірақ пандемияға сенбейтін, ауруды жоқ деушілер азаймай тұр.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Мұндағы мақсат алаңсыз жүрген азаматтар ойлансын, сенбей жүрген кісілердің көзі жетсін дегенім. Ауру бар. Оны жұқтырушылардың саны күн сайын артып жатыр. Қанша жерден сақтық шараларын қатаң сақтап жүрсек те, біз де жұқтырдық. Енді емделу керек.

Баршаңызды өздеріңіздің және жақындарыңыздың денсаулығын сақтау үшін карантин режимі мен профилактикалық шараларды ұстануға шақырамын. Пандемияға жеңіл-желпі қарауға болмайды. Барлығыңызға амандық тілеймін!" - деді ол.

Еске сала кетсек, соңғы дерек бойынша, елімізде коронавирус жұқтырған науқастардың саны 12511-ге жетті.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Ұсынылған мақалалар

NUR.KZ әлеуметтік желілерде