Алматылық оқушылар масканы ыңғайлы етіп тағудың тәсілін ойлап тапты (фото)

Алматыда физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары маскаларды ыңғайлы етіп тағуға мүмкіндік беретін құрылғыны ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Фото: "Хабар 24" арнасынан алынды: UGC

Оқушылардың ойлап тапқан ерекше құралы медицина қызметкерлерінің арасында үлкен сұраныс тудырды.

Себебі бұған дейін ақ халаттылар маскаларды үздіксіз тағып жүрудің салдарынан құлақ терісінің тітіркеніп, қолайсыздық тудыратынын айтқан болатын.

Айта кету керек, құрылғы арнайы 3D принтерде басылып, ересектер мен балаларға ыңғайлы етіп жасалған. Өйткені бетперде резеңкесі адамның желке тұсында орналасатын бекітпеге ілініп, ыңғайсыздық туғызбайды.

Оқушылар өздері ойлап тапқан бекітпенің алғашқы партиясын Алматы қалалық нөмірі 7-клиникалық ауруханаға ұсынған.Алматылық оқушылар бетперде тағуға ыңғайлы бекітпе ойлап тапты

Естеріңізге сала кетейік, еліміздің бас санитарлық дәрігері қоғамдық орындарында мұрны мен аузын жабудың орнына масканы иегіне қойып жүретін адамдарға шүйліккен еді.

Тағы да оқыңыздар

Алматылықтар күшейтілген карантин кезінде төлемдерге өтініш бере ала ма

Айжан Есмағамбетова кез келген жабық ғимаратта маска тағудың маңыздылығын атап өтті. Бас санитарлық дәрігердің сөзінше, адамдар масканы иегіне тағып алып жүреді. Бұл өз кезегінде дұрыс емес, иектегі қорғаныш құралы халықты вирустан қорғай алмайды.