RU

Елімізде қатаң карантин кезінде ұшақтар қалай ұшатын болады

Автор:

ААК басшысы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингі барысында әуекомпаниялардың екі апталық қатаң карантин жағдайында ішкі әуе хабарламаны қалай жүзеге асыратынын түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Талғат Ластаев мемлекет ішіндегі әуерейстер бұған дейін енгізілген барлық 45 бағыт бойынша сақталатынын айтып өтті. Бұл шешімді үкімет қабылдаған.

ААК басшысы бұл рейстердің барлығы сақталып, өз кестесі бойынша іске асырылатынына сендірді. Оған қоса, бұған дейін Түркия мен Оңтүстік Кореямен жанданған әуехабарлама да өз күшінде қалатын болып шықты.

Талат Ластаев бүгіннен бастап, түрік билігі өз еліне қазақстандықтардың келуін шектейтінін айтты. Бұл тыйым Түркияда тұратын немесе онда жұмыс істейтін адамдарға қатысты емес. Қалған отандастарымыз алдағы екі аптада Түркияға кіре алмайды.

Тағы да оқыңыздар

Шектеу: Түркияға қазақстандықтардан кімдер еркін кіре алады

Сонымен қатар, ол Түркияға барып қойған қазақстандықтар елге қайту мүмкіндігіне ие болатынын жеткізді. Олардың елге оралуына қатысты тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр. Әуекомпаниялар өз міндеттерін атқаратын болады.

Маманның сөзінше, әуерейстердің барлығы бас санитар дәрігер қабылдаған қаулыға сәйкес, қатаң түрде жүргізіліп жатыр. Ұшақтарда барлық санитарлық нормалар сақталуда.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Ұсынылған мақалалар

Тағы да оқыңыздар

NUR.KZ әлеуметтік желілерде