RU

Сабина Алтынбекова волейболдан италиялық клубқа ауысып кетті

Автор:

Отандық танымал волейболшы ару Сабина Алтынбекова италиялық "Volalto Caserta" волейбол клубымен келісімшартқа отырып, оның жаңа ойыншы атанды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/altynbekova_20.: Twitter

Белгілі болғандай, келісімшарттың жарамдылығы екі жылды құрады. Сабина Алтынбекова жаңа волейбол клубының құрамына өткені жайлы жаңалығымен өзінің Instagram парақшасында бөлісті.

Қазақстандық волейболшы арудың сөздерін италиялық клуб толығымен растап, өзінің жаңа мүшесі туралы ресми сайтында хабарлады.

Клуб хабарламасында келісімшарт екі жылға созылатыны айтылды. Келесі жылы Сабина Алтынбекова Италияның волейболдан әйелдер арасындағы лигасы А1 Cериясында өнер көрсететін болады.

Оған қоса, италиялық клуб қазақстандық спортшы ару команда "келбеті" болып, оның имиджін бекітетін болатынын жеткізі.

Клуб қазақ қызының әлеуметтік желідегі танымалдылығы мен ауқымды аудиториясын ерекше атап өтті.

Тағы да оқыңыздар

Франциядағы қала мэрінің орынбасары болып сайланған қазақ қызы алғаш рет сұқбат берді

Айта кетейік, Алтынбекова үшін "Volalto Caserta"мансабындағы үшінші шетел командасы болып отыр. Бұған дейін ол 2015 жылы Жапония лигасындағы екінші CSS Sunbeam командасында, 2019 жылы Біріккен Араб Әмірлігінің "Аль-Васл" клубында өнер көрсетті. Ал өз отанында волейболшы "Алматы" командасында ойнады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Ұсынылған мақалалар

Тағы да оқыңыздар

NUR.KZ әлеуметтік желілерде