RU

Алматыда Мәңгілік алауға өте алмаған ардагер пневмониядан көз жұмды

Автор:

Алматыда Мәңгілік алауға өте алмаған ардагер Иван Абдулов пневмониядан ауруханада қайтыс болды. Қарияның жаназасы бірінші шілде күні өтіп кеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Tengrinews.kz басылымына сілтеме жасап.

Иван Абдуловты Мәңгілік алауға жібермей қойды. Видеодан кадр: YouTube: UGC

Басылымның хабарлауынша, Иван Абдулов 24 маусым күні 90 жасқа толды. Сол кезден бері қарияның денсаулығы нашарлай бастаған. Зейнеткердің жағдайы ушығып, оны пневмония диагнозымен ауруханаға жатқызған. Нәтижесінде ардагер ауруын жеңе алмай, қайтыс болған.

Еске сала кетейік, Иван Абдуловқа қатысты оқиға тоғызыншы мамырда Жеңіс күнінде орын алды.

Желіде қолында гүлі бар ардагердің үнсіз тұрған видеосы тарап кеткен болатын. Онда қарияның қасындағы ашуға булыққан халық әкімдік қызметкерлеріне оны Мәңгілік алауға өткізуін талап еттті.

Алайда, ардагер ақыры рұқсат ала алмай, гүлдерін өзіне кедергі келтірген азаматтардың біріне табыстап, бұрылып үйіне қайтып кетті. Бейнежазба авторының айтуынша, ардагердің гүлдерін міндетті түрде алауға апарып қоюға уәде еткен.

Тағы да оқыңыздар

"39 градус": Ауырса да қыз ұзатпақ болып, желіні шулатқан арудың кім екені анықталды

Аталмыш ролик желідегілер арасында үлкен резонанс тудырды. Көпшілік әкімдік өкілдерінің ардагерге қатысты әрекетіне шүйлікті. Олар әкімдіктен орын алған жағдай үшін кешірім сұрауын талап етті.

Кейін әкімдік қызметкерлері ардагерді тауып алып, одан арнайы кешірім сұрады. Содан кейін қария олардың артынан Мәңгілік алауға барып, өзі гүл шоқтарын қойды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Ұсынылған мақалалар

Тағы да оқыңыздар

NUR.KZ әлеуметтік желілерде