Ер адам өзі армандаған үйін бір жарым айда салып, бар-жоғы 9000 доллар жұмсаған

Бір жарым айда баспаналы болып, оның үстіне сол мақсатқа 9000 доллар жұмсаған ер адам желідегі жұртшылықты таңғалдырды деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы BIG Picture сайтына сілтеме жасап.

Фото: bigpicture.ru

Көбі 9000 доллар тұратын үйдің иесі атануды армандайды, оның үстіне үйдің көрінісі сіздің көңіліңізден шықса, нұр үстіне нұр.

Таиландтық Стив Арин өзінің арманын жүзеге асыра алды. Ол бір жарым айдың ішінде 9 мың доллар тұратын үйді өз қолымен тұрғызған.

Таиландта күмбезді үйлер салумен айналысатын досына сапарлатып барғаннан кейін Стив өзі баспаналы болуды мақсат еткен.

Ойлағанын жүзеге асыру үшін Стивке досы көмек қолын созып, оған шағын жер бөліп береді.

Фото: bigpicture.ru

Тайландта құрылыс материалдары Еуропа мен АҚШ-қа қарағанда әлдеқайда арзан, сондықтан Стив үйінің іргетасын алты мың долларға қалаған.

Фото: bigpicture.ru

Қаражаттың қалған үш мыңы әрлеу жұмыстарына кеткен.

Фото: bigpicture.ru

Дизайн жағының ұсақ-түйек жұмыстарын есептемегенде, Стивтің ойындағы үй алты аптада аяқталып, жалпы шығындарға 9 мың доллар қаражат жұмсалған.

Тағы да оқыңыздар

Бұрқыраған кәуаптың иісі Таразда жасырын жұмыс істеген кафені әшкерелеп берді

Фото: bigpicture.ru

Құрылыс жұмыстары тез арада аяқталғанымен, бұл сапалы әрі жайлы үй.

Фото: bigpicture.ru

Фото: bigpicture.ru

Мұнда тіпті кішігірім сәнді тоған бар. Үйдің ішкі безендірілуі сыртқы жағынан еш кем түспейді.

Фото: bigpicture.ru

Фото: bigpicture.ru

Мұнда барлығы табиғи материалдардан жасалған.

Фото: bigpicture.ru

Бұл күнде Стив өте бақытты, себебі үй қиялда бейнеленгендей тұрғызылған.

Фото: bigpicture.ru

Кейде арман орындалуы үшін оны жүзеге асыра бастау керек.

Фото: bigpicture.ru

Еске сала кетсек, бұған дейін Лондонның оңтүстік-батысындағы Баттерси аймағында ені 2 м 13 см болатын үйдің сатылымға қойылғанын жазған едік.

Ерекше ғимараттың құны 1 миллион еуроға бағаланып отыр.