Зеленский белоруссиялықтарды көшедегі зорлық-зомбылықтан бас тартуға шақырды

Украина президенті Владимир Зеленский белоруссиялықтарды көшедегі зорлық-зомбылықтан бас тартуға шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Владимир Зеленский. Фото: facebook.com/zelenskiy95

Мемлекет басшысы көршілес елдің билігін төзімділік танытуға және көшедегі зорлық-зомбылықтан бас тартуға шақырды.

Зеленскийдің ресми мәлімдемесі оның Facebook парақшасында пайда болды.

Ол Беларусьтің шын мәнінде демокраиялық ел болуына мүдделі екенін жеткізді.

Еске сала кетейік, 9 тамызда Белоруссияда президенттік сайлаудың негізгі күні өткен еді. Мемлекет басшысы лауазымына сайлауға 5 үміткер түсіп отыр, оның қатарында соңғы 26 жыл бойы ел басқарып келе жатқан Александр Лукашенко да болды.

Ұлттық экзитполдың ақпаратына жүгінсек, Александр Лукашенко 79,7%, Светлана Тихановская 6,8%, Анна Канопацкая 2,3%, Андрей Дмитриев 1,1%, Сергей Черечень 0,9% дауыс жинаған.

Сайлаушылардың 9,2%-і барлығына қарсы дауыс берген. Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың қорытынды нәтижесін 14 тамыз, жұма күні шығаруды жоспарлап отыр.

Тағы да оқыңыздар

Тоқаев Лукашенконы Беларусь президенті болып қайта сайлануымен құттықтады

Сондай-ақ Беларусьтегі президент сайлауынан кейін наразылық акциялары басталғанын жазғанбыз. Минск көшелеріне ел тұрғындары жиналып, тәртіп сақшылар мен жергілікті халық арасында қақтығыс орын алған болатын.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері жиналған халықты резеңке таяқ пен бұрышты баллон қолдана отырып таратуға тырысқан.