"Отасқанымызға 17 жыл": Тұрсынбек Қабатов сүйіктісіне ерекше тосын сый жасады (видео)

Отандық танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов сүйікті жарына шаңырақ көтерген күніне орай естен кетпес тосын сый жасады. Бұл аса ерекше әрі атаулы күн Мөлдір Мұқанованың есінен шығып кеткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/moldir.mt

Тұрсынбек Қабатов пен оның жары Мөлдір Мұқанованың шаңырақ көтергендеріне биыл 17 жыл болған. КВН сахнасында кезіккен қос ғашық бүгінде бес баланы тәрбиелеп отыр.

Белгілі әзілкеш өміріндегі аса маңызды күндерді естен шығармайтынын тағы бір мәрте дәлелдеп шықты. Ол келіншегі ұмытып кетсе де, екеуінің отасқан күнінде оған ерекше тосын сый жасаған. КВН жұлдызы сүйіктісіне алып гүл шоғын тарту етіп, оны таңғалдырған.

Қызығы, шаңырақ көтерген күн Мөлдір Мұқанованың есінен шығып кеткен. Оны ол өзінің Instagram парақшасында мойындады. Оған қоса, әзілкештің әйелі жолдасының гүл шоғын таабыстап жатқан видеосымен де бөлісіп үлгерген.

Бейнежазбада Тұрсынбек Қабатовтың балаларының көзінше жарына қызыл түсті раушан гүлдерін сыйлап жатқанын көруге болады.

Тағы да оқыңыздар

"Жүрегі жылы": Ләйлә Сұлтанқызы Аружан Саинды туған күнімен ерекше құттықтады

Желі қолданушылары бірден ерлі-зайыптыларды жарыса құттықтап, оларға ақ тілегін жаудырды.

"Бақытты болыңыздар" , "Үлгілі жұптың бірісіздер, көбейе беріңіздер" , "Тек қана бақыт тілеймін. Махаббаттарыңыз баянды болсын" , "Қандай керемет көрініс. Ер адамның мұндай күнді елеп құттықтап жатқаны тамаша" , - деп жазуда көпшілік.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жанар Айжанованың қызы алғаш рет сүйіктісін көрсетті.