Беларусьтегі жаппай тәртіпсіздік кезінде бес жасар қыз бала зардап шеккен

Белоруссияда осымен үшінші түн өтіп жатқан жаппай наразылық акциясы кезінде бес жасар қыз бала зардап шеккен. Оның анасы оқиғаның қалай болғанын айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Misha Friedman via Getty Images

Зардап шеккен бес жасар қыз баланың анасы Инна белоруссиялық Tut.by басылымына сұхбат беріп, оқиғаның қалай болғанын баяндаған.

Әйелдің айтуынша, оқиға 11 тамызда Гродно қаласында болған. Ол отбасымен бірге өз көліктерімен бір ауданнан екінші ауданға бара жатқан. Бір сәтте алдарынан әскери техника мен арнайы жасақ шыға келген.

Иннаның айтуынша, сарбаздар көлікті шоқпармен ұрып, терезелерін сындырған. Содан кейін көлікті әскери техника соққан. Алған соққыдан есін жиған соң келіншек бірден артта отырған қызының қан-жоса болып отырғанын көрген.

Милиция Иннаның күйеуін ұстап әкеткен. Ал осы кезде анасы мен қызы ауруханаға барып, кішкентай Юлияның жарақатын тіккен.

"Ауруханда ол менен "Анашым, бізге қарақшылар шабуыл жасады ма?" деп сұрады", - дейді Инна.

Тағы да оқыңыздар

Атырауда бір жасар бала құдыққа құлап кетті

Басылым осы оқиғаға қатысты ақпарат алу үшін ішкі істер органдарына сауал жолдаған, әзірге ешқандай жауап болмаған.

Еске сала кетейік, Беларусьта 9 тамыз күні президенттік сайлау өтті.

Сайлау нәтижелерімен келіспеушілер жаппай наразылық акцияларына қатарынан үшінші күн шығуда. Арнайы жасақ сарбаздарының шерушілерге оқ атқаны хабарланды.

Сондай-ақ, жаппай наразылық акцияларының үйлестірушілері ұсталғаны мәлім болды.