Айдай Исаева үшінші баласын өмірге әкелді (фото)

"Қазақстан аруы - 2013" байқауының жеңімпазы Айдай Исаева үшінші баласын өмірге әкелді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram.com/aiday_issayeva

Дәрігер, сәнбике әрі тележүргізуші, "Қазақстан аруы - 2013" байқауының жеңімпазы Айдай Исаеваның отбасы тағы бір жанмен толықты.

Қуанышты жаңалықпен Исаеваның өзі Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында бөлісті.

"Ас-саляму алейкум уа рахматуллахи уа баракатух! Жаратушы Аллаға сансыз шүкiр!!! Алланың қалауымен айдай сұлу қызымыз қуатты, ақылды, халқына жанашыр, елін, жер-анамыздың дамуына өз үлесін қосатын, биiк шыңдарды бағындырған, бойына Құдiреттi Алланың нұры жауған, жарқырыған қыз болсын! Бақытты, ұзақ ғұмыры жақсы істермен толы болсын! Амин!!! Осындай бақытты барлық жақсылардың отбасына Алла нәсіп етсін!", - деп жазды Айдай Исаева.

Ал сүйінші жаңалықты оқыған желі қолданушылары ақ тілектерін жаудырды.

"Бауы берік болсын!", "Құтты болсын, үлкен азаматша бола берсін", "Қуанышыңызға ортақпыз. Періштеңіз бауы берік болсын. Бақытты балалық шақ тілеймін", - деп жазды олар.

Тағы да оқыңыздар

"Жүрегіне оқ тиген": Атырауда төбелес кезінде 18 жастағы танымал спортшы қайтыс болды

Еске сала кетейік, бұған дейін танымал әнші Асхат Тарғынның 10 тамыз күні қызды болғанын хабарлаған болатынбыз. Өнер иесінің өмірге келген сәбиінен бөлек бір ұл және бір қызы бар.

Сондай-ақ жақында ғана босанған белгілі әнші Дильназ Ахмадиевада Зейдан есімді ұлының суретін көрсеткен еді.