Өткен аптада жемқорлыққа қатысты 12 лауазымды тұлға ұсталған

Өткен аптада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 80-нен астам сотқа дейінгі тергеуді тіркеген. Бұл туралы AntikorNews бағдарламасында айтылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pxhere.com

Департамент өкілінің хабарлауынша, 10 тұлғаға қатысты "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған.

"12 лауазымды тұлға ұсталды, 10 тұлғаға қатысты "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды", - дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бірінші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров.

Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы" ММ-нің басшысы мен басқа да тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастаған.

"Олар 100 000 теңгеден 1 000 000 теңгеге дейінгі ақшалай сыйақы үшін заңды тұлғаларға құрылыс-монтаждау жұмыстарымен айналысуға 1,2,3-санаттағы лицензияларды заңсыз беру бойынша құқыққа қарсы қылмыстық схеманы қолданды", - дейді Биғайдаров.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін пара алды деп күдіктелген Тимуржан Нұрымбетовтің қамауға алу мерзімі осы жылдың желтоқсан айының ортасына дейін ұзартылғанын хабарлаған едік.

Тағы да оқыңыздар

"СҚ-Фармация" ЖШС-ның бұрынғы басшысы ұсталды

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің онлайн брифингінде Шығыс Қазақстан облысында әскерилердің 1,8 млн теңге көлеміндегі пара алды деген күдікке ілінгені белгілі болды.