RU

Алматының Әл-Фараби даңғылында қалыптасқан ұзын-сонар кептеліс көпшілікті есеңгіретті

Алматының Әл-Фараби даңғылында қалыптасқан ұзын-сонар кептеліс көпшілікті таң қалдырды. Оны куәгерлердің бірі кешкі уақытта видеоға түсіріп, желіге жүктеген.

Видеоны көрген өзге өңірдің тұрғындары таң қалғанымен, алматылықтар үшін бұл қалыпты жағдай болып шықты. Көптеген қолданушылар ондайды күнде көріп қана қоймай, күнделікті сол кептелісте өздері де тұратындарын жасырмады.

Роликтен кептеліс Әл-Фараби даңғылы мен Фурманов көшелерінің қиылысында қалыптасқанын көруге болады.

Видео ztb_kz парақшасында жүктеліп, 50 мыңнан астам рет қаралған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/auto/1076254-almatynynh-al-farabi-danhghylynda-qalyp/