RU

BMW жүргізушіні қажет етпейтін көлік шығармақшы

BMW электромобиль мен өзін-өзі басқаратын көліктерді құрастыруға аса мән береді. Бұл туралы "Алматы" телеарнасы "Іскерлер уақыты" бағдарламасы хабарлайды.

Германиялық концерн өзінің ұзақмерзімді дамуының стратегиясын ұсынды. Онда компания  сандық технологиялар мен автоматты түрде басқару саласына қарай зерттеулер көп жасалатыны көрсетілген. Табысын еселеу үшін BMW әлем бойынша көлік сатумен қатар, сандық қызметті саудамен айналыспақ.

Компания басшысы Харльд Крюгердің айтуынша, дәл осы стратегия арқылы келесі онжылдықта  сандық технологиялардың дәуірі келсе, концернді сақтап қалудың амалы болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/auto/1076568-bmw-zhurgiushini-qazhet-etpeytin-kolik-shygha/