RU

Шымкентте қолынан ұялы телефон түспейтіндерге арнайы бағдаршам орнатылды (фото)

Шымкентте ерекше бағдаршам пайда болды. Енді қызыл және жасыл түсті шамдар жүргінші жүретін жолдың үстіне орнатылған. Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Қондырғылар қиылыстағы бағдаршаммен бірдей жұмыс істейді. Ұзақтан жарқырап көрінетін диоттар, көз жанары нашар көретін жандар мен қолынан ұялы телефоны түспейтін жастардың қауіпсіздігін сақтайды. Өйткені телефонға ойы бөлінген адам көп жағдайда алдына қарамай, жолақтан өте береді.

«Ал аяқ астындағы қызылды-жасылды жарқыраған шамдар адамның еріксіз назарын аудартады», - дейді мамандар.

Заманауи қондырғы әзірге қала орталығында адам көп жүретін жалғыз қиылысқа ғана орнатылған. Демеушілер оны өз қаржысына сатып алыпты. Жергілікті атқарушы билік қанатқақты жоба нәтижесін берсе, болашақта басқа да қалаларға орнатамыз деп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/auto/1106188-shymkentte-qolynan-uyaly-telefony-tusp/