Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда люкс санатындағы қымбат көліктер шетінен арзандап жатыр (фото)

Опубликовано:

Көлік кез-келген адам өзіне сыйлай алатын дүниелер қатарында емес. Бұған көлік базарының кейбір секторларына барғанда көз жеткізуге болады.  Кейінгі шыққан көліктердің бағасы да миллионнан кем емес.

NUR.KZ тілшілері автомобиль базарына барып, түрлі класстағы көлік бағаларын біліп қайтқан еді.

Жол таңдамайтын және одан қымбат көліктерді ақшаға ғана емес, одан төмен немесе жоғары класс көлігіне айырбастауға болады. Егер ақшалай алатын болсаңыз,  нарықтағы баға 7 700 000 теңгеден  12 миллион теңгеге дейін барады. Ең қымбат джип "Лэнд Крузер" 78 мың доллар.

Кейбір сатушылар тұтынушыларға ыңғайлы болу үшін бе, әлде ескі әдеттен бе,  бағаны доллармен көрсетіп қойған. Сонымен, Range Rover-дің ашық-қызыл түсін 55 мың долларға иеленуге болады. Бағасы теңгемен - 18 миллион. Машина небәрі 30 мың қашықтық жүрген, шыққан уақыты – 2015 жыл.

Одан сәл арыда бағасы арзандау көліктер орналасқан, олар да люкс классынан. Мысалы, "мерседестер".  Сонымен, "Мерседес" S классты 19 800 долларға алуға болады, ал Е350 –  10800 доллар.

Әйнек астындағы хабарландыруда бір нөмір жазылған. Ол  Ягуар көлігінде де тұр, оны бар жоғы 33 000 долларға сатпақшы,  шыққан уақыты – 2010 жыл.

Машиналар сатылатын хабарландыру сайтында сол "Ягуар" ең арзан бағада тұр. Шамамен бұл бағаға 2012 жылғы BMW X6 алуға болады.

Арзан көліктер секторында алушылар аз, бірақ потенциалды "клиенттер" көліктерді белсенді түрде қарауда.  Көпшілігіне қазақстандықтардың сүйікті маркасы – Тойота ұсынылуда.

"Халықтық" көлік "Камридің" бағасы үлгісіне қарай әртүрлі, ең көп сұраныстағы "Тойото- 30" үш миллионнан кем емес. Қалтаңызға қолайлы  "Тойотаның" – "Королла" немесе "Карина" үлгілері де аз емес.  Мысалы, бірінші үлгіні 3,6 миллионға алуға болады, ал  1966 жылғы "Каринаны"- 1,6 миллион теңгеге.

Оның үстіне, соңғы кездері қазақстандықтар шағын литрлі көліктерге көп назар аударуда.

Мысалы, кішкентай  "Шевролет Спарктың" 2011 жылғысын екі миллион теңгеге алуға болады. 57 мың қашықтық  жүрген көлік үшін бұл баға жаман емес екеніне келісесіздер ғой.  Бірақ, көлемі 1 литр деп көрсетілген.

Біраз жерден кейін 2011 жылы шыққан кроссовер "Мазда" көлігі тұр. Оның жүрісі 11 мыңды ғана құрайды, ал бағасы 5 миллион теңгеден жоғары.

Мына сектордан да мерседестерді табуға болады. Мысалы, Е 240  2,6 миллион, шыққан уақыты 2006 жыл. Оның жанында тұрған "Мерседестің" әзілдегі серігі – "ЗАЗ Chance" 2013 жылғы тұр. Бағасы 1 350 000 теңге. Жаңа, әрі арзан.  Өкініштісі, қазақстандықтардың сүйікті "мақтанына" сай келмеуі мүмкін.

Тағы бір "халықтық" марка – "Мазда Кронос". Бұл нарықтағы ең арзан көліктердің бірі болып тұрғандай. Көлікті 850 - 900 мың теңгеге алуыңызға болады. Шыққан уақыты ескілеу,  1993 жыл. Сатушылар көліктің көптеген ерекшеліктерін айта алмайды, бірақ соғылған ба, жоқ па білетін адам өзі ажыратып алады. Олар да сатып алғанда осындай күйде болған дегенді  сылтау етеді.

Бірақ көлікті ішінен көріп, салонда отырып әңгімелесуді ұсынады. Тіпті, жеңілдік жасауға да уәде етеді.

Тағы оқыңыздар:

Шетелдіктерге Астана сауда орталықтарында селфи жасауға тыйым салынды

Жігітті мойнына отырғызып алып билеген бойжеткенді жұрт Гераклға теңеді (видео)

Шешенстанда көз жұмған қазақстандықтың өлімін жақындары жаңалықтардан бір-ақ білген

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1452350-qazaqstandaghy-lyuks-sanatyndaghy-qymb/

pixel