Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұшақ сүйреп рекорд жаңартпақ болған алматылық жігіттің ойы жүзеге аспады (видео)

Опубликовано:

Ұшақ сүйреу12
Кадр: Астана арнасынан

"Qazaq Titan" атымен танымал 24 жастағы Алмат Жұманов ұшақ сүйреп Қазақстанның рекордтар кітабына енуге тырысқан. Алайда бүгінгі нәтиже рекордтар кітабына енуге жеткіліксіз болды деп хабарлайды Астана арнасы.

Бұған дейін 100 тонналық вагонды 8 жарым метрге дейін сүйреп Қазақстан рекордтар кітабына енген, мұнымен тоқтамай арқасына 300 келілік түйені салып, үш көлікті сүйреген Алмат, бұл жолы биіктігі 8,4 метр, салмағы 16 тонна болатын ұшақты сүйреп көрмек болған.

Алайда ойындағысы жүзеге аспады. Ол ұшақты тек 30 см-ге дейін сүйрей алған. Десе де, қазақстандық балуанның бүгінгі өнеріне көңілі толады.

"Соңғысына күшім жетпей қалды. 1-2 мүмкіндікте күшім сонымен кетті. Тартқанымның өзі мен үшін нәтиже. Өйткені, бұндайды тарту оңай емес", - дейді ол.

Айта кетейік, бұған дейінгі рекорд ресейлік атлетке тиесілі. Ол 16 тонналық ұшақты 30 метрге дейін тартқан.

Енді атлет алдағы айда 65 тонналық әуе кемесін сүйреуге өтініш беріпті.

Ал Алмат Жұманов 300 тонналық локоматив тартып әлемдік гиннестер рекордтар кітабына енуді көздеп отыр. Бұған дейінгі рекорд 276 тонна болған.

А. Данияр

Еске сала кетейік, өткен жылы Александр Данчев 26 тонна болатын вагондарды тісімен сүйреп, рекорд орнатқан еді. Ол вагонды 2,5 метрге сүйреген.

"Бұл өте қиын және бұған ұзақ дайындық керек. Мойын мен ауыз қуысына, тістерге үлкен салмақ түседі. Ешкімге дайындықсыз бір нәрсе, тіпті көлікті сүйреуге кеңес бермеймін", - дейді Александр Данчев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1924840-usaq-suirep-rekord-zanartpaq-bolgan-almatylyq-zigittin-oiy-zuzege-aspady-video/

pixel