Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зейнетақы қорынан 100 миллиардтан астам теңге банктерге берілуі мүмкін

Опубликовано:

Зейнетақы қорыннан 100 миллиардтан астам теңге банктерге берілуі мүмкін. Бұл туралы Астана арнасына берген сұхбатында кәсіпкерлер палатасының төрағасы Абылай Мырзахметов айтты.

Өйткені банктерде теңге тапшы дейді. Ал мүлік пен ақшаны заңдастыру науқаны аясында сол банктердің есеп-шотына 150 млрд теңге қаражат түскен. Көлеңкедегі ақшаны заңдастыру талаптары желтоқсаннан бері айтарлықтай өзгерген. Содан бері мүлкін жариялағандар саны да күрт өсті.

Президент зейнетақы қорындағы қаражатқа беталды тиіспеуді тапсырған. Дегенмен қордан отандық банктер 100 миллиардтан астам теңге алуы мүмкін. Кәсіпкерлер палатасы біраздан бері теңге тапшылығын айтып, зейнетақы қорындағы қаржатты «қолқалап» жүр. Үкімет үйінде басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов қажетті соманың шетін шығарды.

"Жиын осыдан бір апта бұрын болған. Бұл банк саласына қатысты. Менің ойымша 100 миллиардтан астам теңге алынады", - дейді «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов.

Қаржы министрінің айтуынша, сол ақша жетпей жатқан банктерге мүлікті заңдастыру науқаны аясында да 150 млрд теңге түскен. Басында банкке салынған ақша бес жыл алынбай сақталады және сол сомадан бюджетке 10 пайыз төленеді делінген. Желтоқсаннан бастап бұл шектеулер жойылды. Ақшаны тіркесе болды. Түк талап етілмейді. Тіпті бұған дейін 10 пайыз төлеп қойғандар қайтып алады. Ал қалталылар асығар емес. Сондықтан министр құлаққағыс жасады.

"Республика бойынша барлығы 3 миллиардтан астам теңге түсті. Көбі ести қоймаған шығар. Мінберді пайдаланып, азаматтарды мемлекеттік кіріс органдарына барып, бұған дейін төлеп қойған алымдарды қайтып алуға шақырамын", - деді Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1033515-zeynetaqy-qorynan-100-milliardtan-astam/

pixel