Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қашаған кен орны қазан айында мұнай өндіруді бастайды

Опубликовано:

Мемлекеттің жаппай жекешелендіру бағдарламасы аясында Шымкент мұнай өңдеу зауытындағы мемлекет үлесінің сатылуы екіталай. Ал қалған отандық екі зауыт бойынша нақты шешімдер қабылданып қойған.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі брифингінде «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясы басқармасының төрағасы Сауат Мыңбаев айтты деп хабарлайды Астана арнасы.

"Шымкент мұнай өңдеу зауытының жекешелендіруіне келетін болсақ, оның 50 пайызы бүгін де қытайлық мұнай компаниясының еншісінде. Мемлекет қолындағы қалған 50 пайыз акциясын жақын арада сатуы екіталай. Ал Атырау мен Павлодар зауыттары бойынша шешім бар. Қазір «Қазмұнайгаз» компаниясы тиісті дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр", - дейді «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев.

Сауат Мыңбаевтың айтуынша, ұзаққа созылған Қашаған кен орны жоспар бойынша мұнай өндіруді осы жылдың қазанында бастайды. Оның қуаты тәулігіне 75 мың баррельді құрамақ. Ұлттық компания басшысы жоспарлы жұмыстар мерзімінен бұрын аяқталып жатқанын айтты. Десе де, жұмысқа кедергі келтіруі мүмкін факторлар да бар.

"Теңіз суының деңгейі алдын-ала жасалған есептерден жоғары болып, қиындықтар тудырған. Бірақ өндіріс белгіленген мерзімнен кешіктірілмей басталады", - деді Сауат Мыңбаев.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1075694-qashaghan-ken-orny-qazan-ayynda-munay/

pixel