Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттегі зауытта 3 мың қытайлықтың жұмыс істейтінін естіген Түймебаев шошып кетті

Опубликовано:

Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытының құрылысында жұмыс жасап жатқан қытайлық азаматтар саны Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевты «шошытып» жіберді, деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытына жасаған сапары барысында қайта жаңғыртудан өтіп жатқан өндіріс орнының ахуалы туралы мәжіліс өтті. Оған министрмен қатар ОҚО әкімі, зауыт басшылығы мен жаңғырту жұмыстарын жүргізуші «СРЕСС» мердігер компаниясының вице-президенті және тағы да басқа сала мамандары қатысты.

Мәжіліс барысында мердігер компания өкілі Му Хуадун жаңғырту жұмыстарына 4 мың жұмысшы тартылғанын мәлім етті. Бір қызығы, оның 3 мыңы қытайлық азаматтар болса, 1 мыңы ғана қазақстандықтар екен. Мұны естіген Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі бұл талапқа сай еместігін айтып, басшылыққа жергілікті азаматтарды жұмысқа тарту қажеттігін ескертті.

«Шымкенттегі мұнай өңдеу зауыты ең ірі салық төлеуші өндіріс орнының біріне айналып отыр. Мұнда жергілікті жұмысшылардың үлесі көбірек болуы қажет. Ол үшін облыс орталығындағы кәсіптік техникалық мамандандырылған колледжді өз қамқорлықтарыңызға алып, жұмыс жасағандарыңыз дұрыс»,-деді Түймебаев мырза.

Мақала жарық көрген соң, көпшілік арасында қытайлықтар санының басымдығы қызу пікірталас тудырды. Ал "ҚазМұнайГаз" компаниясының баспасөз қызметі ақпараттың аудармашының қателігінен таралғанын айтады. Компания мәліметінше, қазақстандық жұмысшылар саны 3287, қытайлықтар саны 1473 екен.

Алайда, аудармашы қытайлықтар санының 3 мыңға жететінін жиын барысында 3 рет қайталап айтқан.

Айта кетерлігі, Шымкент мұнай өңдеу зауытындағы жаңғырту жұмыстары келер жылы аяқталады. Энергетика министрінің сөзіне сенсек, келер жылдан бастап елімізде бензин тапшылығы болмайды. Себебі Шымкенттегі зауытты қосқанда Атырау мен Павлодардағы өндіріс орындары жаңғырту жұмыстарынан өткен соң жанар-жағармай мен дизель отын көптеп шығарылып, экспорттауға да мүмкіндік тумақ.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев Атамбаевқа Қазақстанның қырғыздарға қалай көмектескенін айтты (фото)

Қызылордада үйі өртеніп, анасынан айырылған балаларға әкімдік бір қап ұн алып берген

Отандық жұлдыздың жүрегін жаулаған миллионердің қызы туралы не білеміз? (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1466356-shymkenttegi-zauytta-3-mynh-qytaylyqtynh/

pixel