Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

S&P рейтингтік агенттігі Еуразиялық банктің рейтингін қайта қарады

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

S&P Еуразиялық Банктің қысқа мерзімді кредиттік рейтингін "В" деңгейінде растап, болжамды "тұрақты" деп жақсартты.

Сонымен қатар рейтингтік агенттік банктің ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін "В-" деңгейінде қайта қарады. S&P Global Ratings "таяу 12 айда бизнес-тәуекелдер профилі мен банктің қаржылық көрсеткіштері жалпы тұрақты болып қалатынын" хабарлады.

Агенттік сондай-ақ, "Еуразиялық банк қазіргі уақытта барабар өтімділік қорларын одан әрі қолдайтын болады" деп пайымдайды.

"ҚР банк секторының қаржылық тұрақтылығын арттыру бағдарламасына қатысқан бір жарым жыл ішінде Еуразиялық банк резерв құру бойынша реттеуіштің талаптарын 134% -ға асыра орындады. Еуразиялық банктің өтімділік көрсеткіштері банктер бойынша салыстырмалы ауқымдағы реттеуші және орташа мәндерден асып түседі. Ағымдағы күнге банктің жоғары өтімді активтері баланстың үштен бірін (32%) құрайды, бұл клиенттер алдындағы өз міндеттемелерін үздіксіз орындауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Тиімді бизнес-модельдің арқасында банк 2018 жылдың қорытындысы бойынша 11,4 млрд теңге көлемінде пайда алды. Банк ERG ірі халықаралық өнеркәсіптік тобының акционерлері болып табылатын меншік иелері тарапынан кең қолдау көруде", - деп хабарлады банк басшысы Павел Логинов.

Еуразиялық банк - Қазақстандағы ірі салық төлеуші және жұмыс беруші ERG тобының корпоративтік банкі, топта 60 000-нан астам адам жұмыс істейді.

Қазақстан экономикасына ERG үлесі шамамен 4% құрайды (ЖІӨ үлесі). Бүгінгі таңда ERG Қазақстанның металлургиялық тау-кен өнеркәсібінің 30%-ын ұсынады, сондай-ақ елдегі электр энергиясының негізгі жеткізушісі болып табылады.

ERG үлесінің 40%-ы Қазақстан Республикасының Үкіметіне тиесілі екенін атап өту қажет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1780841-sp-rejtingtik-agenttigi-eurazialyk-bankti-rejtingin-kajta-karady/

pixel