Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазіргі Қазақстан экономикасы қандай деңгейде?

Опубликовано:

 Экономикалық дағдарыс тереңдеген сайын билік басындағылардың әрекеті үрей құшқандардың әрекеттеріне көп ұқсап барады. Әрине, үрейге әлі жеткен жоқ, бірақ көңіл алаңдаушылық жекелеген шенеуніктердің кабинеттерінде кеңінен таралып бара жатқандай.

Олардың жаңадан жасаған әр мәлімдемесі, әр шарасы, оның алдыңғысына кереғар болып жатыр. Ал экономикалық жағдай болса, нашарлауын жалғастыруда деп хабарлайды ҚазТАГ.

Үкімет биылғы ЖІӨ өсуіне берген болжамы тым асыра сілтеніп жіберілгенін жасырып та отырған жоқ. Еске салсақ, алғашқыда министрлер кабинеті Қазақстан экономикасының өсімі 2015 жылы 5% болады деп болжаған. Одан кейін ол көрсеткіш 4,8%-ге дейін төмендетілді. Ал мұнай бағасының төмендеуімен соңғы нұсқасында 2015-мембюджетте биылғы экономикалық өсім бар болғаны 1,5%-ды құрайды деп болжанды.

Түбіне әлі жеткен жоқ

Бірақ шенеуніктер ол көрсеткішке де қол жеткізу қиын екенін мойындады. 19 қарашада Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев парламентте «Қазақстан Республикасының 2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджеті туралы» заңына өзгерістер енгізу туралы» заң жобасын парламентте таныстырып тұрып ЖІӨ нақты өсімі 2015 жылы бар болғаны 1,2% болады деп мәлім етті.

Мұның барлығы кофе тұнбасына қарап құмалақ ашқанға ұқсайды. Тура сол сияқты жақында биылғы инфляцияға болжамын министрлер кабинеті 6-8%-дан 8-10%-ға көтерді, ал кейін қараша қорытындысы бойынша инфляция 12,8% болды. Сондықтан экономикалық 1,2% өсімге қол жеткізу үкімет шенеунікітерінің тек жақсы ниеті ғана болып қалуы әбден мүмкін.

Айтпақшы, олай деп тек біз емес, сарапшылар да ойлайды. Мысалы, «Халық финанс» инвестициялық компаниясының бағалауынша, биыл қазақстандық экономиканың өсімі 0,5%-ды құрайды. Дүниежүзілік банк болжамы оған қарағанда тәуір. Бірақ, олардың сарапшыларының пікірінше, Қазақстан ЖІӨ өсімі 2015-2016 жылдары қайта қаралған ресми бағадан да төмен болып, тек 2017 жылы ғана екпін алуы мүмкін.

«Біздің базалық сценарийде мұнай бағасы 2016 жылы төмен болып қала береді және ақырын 2017 жылға қарай көтеріледі де тұтынудың артуына және инвесторлардың сенімділігін арттыруына септігін тигізеді деп күтілуде. ЖІӨ 2015 және 2016 жылдары 1% шамасында қалып, тек 2017 жылы ғана 3,3%-ға дейін көтерілуі мүмкін», - деп есептейді халықаралық қаржылық институтта.

Бұл ретте экономикалық өсім туралы ресми бағаның осыншама жиі өзгерісі үкіметтің ұзақ мерзімдік болжам жасайтын тиімді жүйесінің жоқтығын көрсетеді. Өз кезегінде ол, тиімді бюджетті құрай алмайды және онда салынған кіріс пен шығыс жөніндегі параметрлерді ұстап тұра алмайды дегенді білдіреді.

Қандай болғанда да, Қазақстан өз экономикасының құлдырау шегіне жеткен жоқ. Айтпақшы, оның көршілері Ресей мен Қытай да сондай. Және ол мұнай бағасының арзандау цикылы әлі өз шегіне жетпегенімен байланысты болып отыр. Осындай жағдайда Астанадағы шенеуніктердің кереғар жоспарлары кездейсоқ емес сияқты көрінеді. Бір жағынан үкімет жаңа үш жылдық бюджетте ЖІӨ өсімі 2016-2020 жылдары орташа алғанда 3% болады деп болжанған.

«2016 жылы экономиканың нақты өсімі - 2,1%, 2017 жылы – 3,6%, 2018 жылы – 2,9%, 2019 жылы – 3% және 2020 жылы – 3,2% болады. Сөйтіп, 2016-2020 жылдары экономиканың орташа жылдық өсімі 2,9% деңгейде деп болжануда», - деп мәлім етті 19 қарашада Ерболат Досаев, «Қазақстан Республикасының 2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджеті туралы» заңына өзгерістер енгізу туралы» заң жобасын парламентте таныстырып тұрып.

Екінші жағынан, елбасы Нұрсұлтан Назарбаев министрлер кабинетінің алдында ағымдағы осындай экономикалық күрделі жағдайда үкіметтің бюджеттік жоспарларында көрсетілгеннен жоғары ЖІӨ өсуін қамтамасыз ету керектігі туралы шамшыл міндеттер қояды.

«Алдағы он жылда Қазақстан жыл сайын экономиканың өсімін кем дегенде 5% деңгейде қамтамасыз етуі керек», - деді Назарбаев 30 қарашада Қазақстан халқына арналған жолдауында.

Ол аз десеңіз, елбасы инвестицияның экономикаға жыл сайын келуін $10 млрд-тан асыруды, ал алдағы 10 жылда кем дегенде $100 млрд-қа жеткізуді тапсырды. Қазақстандық шенеунікетер шетелдік инвесторларды шикізаттан басқа немен қызықтыра алатыны белгісіз болып қалып отыр.

Бел астында сені қолдайтын көкең жоқ

Есесіне айдан анығы мынау: БТА-ның, Альянс пен Темір банктің сыртқы қарыздарын бірнеше рет қайта құрылымдаған соң, шетелдік капитал Қазақстанның маңайына да жоламай кетеді. Осының барлығы күрделі жаһандық экономикалық және саяси жағдаймен, сондай-ақ тікелей шетелдік инвестицияны тартуға арқа сүйеген бұрынғы экономикалық бағытқа қасақана қатып қалумен күрделеніп тұр.

Түсініксіз болып тұрғаны, суға кеткенді құтқару мәселесі сол суға кетіп бара жатқанның тікелей өз ісі екендігін билік басындағылар қашан түсінер екен? Кеш болмай тұрғанда, трансұлттық корпорациялар мен бел астындағы бай көкелерге арқа сүйемей, экономикалық бағытты өзгерту керектігін, бірінші кезекте ішкі инвестицияларға арқа сүйеу, үкіметтің фискалдық саясатын және Ұлттық банктің монетарлық реттеуін түбегейлі өзгерту керектігін қашан түсінер екен, деп жазады агенттік.

Сарапшылардың көбінің бағалауынша, қала алтын бағасының арзандығы әлі талай уақыт сақталатын көрінеді. Осындай жағдайда биліктің алдағы жылдарға ЖІӨ өсімі туралы кереғар мәлімдемелері Иван Крыловтың аққу, су шаян мен шортан туралы аңыз әңгімесін еске түсіреді: «Ағайын алауыз болса, аузындағысынан айырылады, олардың тірлігі тірлік емес - азап болады» деген секілді.

Ал азаптанатын билік емес, қарапайым қазақстандықтар болады, себебі шикізаттың әлемдік бағасының арзандауы жағдайында билік басындағылардың шикізаттық емес сектордың өсуіне оңтайлы жағдай жасай алмауынан ерте ме кеш пе, оның ауыртпалығы біздің барлығымыздың қалтамызға ауыр тиеді деп түйіндеді дереккөз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/989941-qazirgi-qazaqstan-ekonomikasy-qanda/

pixel