jitsu gif
Эзотерика

    Айнаға неліктен көп қарауға болмайды

    : UGC

    Қазіргі уақытта күнделікті тұрмыста айнаны қарапайым қажеттіліктен қарағанда үйге, кеңселерге, демалыс орындарына сән беру мақсатында да іліп қояды. Алайда, оның пайдасынан басқа, адамзатқа тигізер зиянды жағы да бар екен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

    Көрнекі фото: pixabay.com
    Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

    Басылымның дерегінше, айна қараған жанның энергиясын өзіне тартып алып, адамдардың бет-бейнесін, қимыл қозғалыстарды компьютер бағдарламасы секілді жадында сақтап қалады.

    Бұл адамның көңіл-күйіне тікелей әсер ететін сиқырлы зат. Америка ғалымдары күні бойы айнаға жиі қараған адамның кешкісін көңіл-күйі болмай, өзін нашар сезінетінін байқаған.

    Сонымен қатар оған көп  қарау әдеті есте сақтау қабілетін төмендететіні және адамның тезірек қартаюына алып келетінін анықталды.

    Басылымның дерегінше, ескі немесе басқа біреудің айнасына қарауға болмайды. Себебі ол адамды қырсыққа ұшыратады.

    Айна адамның жағымсыз жақтарын бойына ұстап қалады да, оны басқа адамға жұқтырады.

    Мамандар айнаға мүлде қарауға болмайды деген пікірде емес, тек сағаттап оның алдында көп отырмауды ұсынады.

    Одан бөлек, ұйықтайтын бөлмеге де айна қоюға болмайды. Түнде ұйқыдан тұрғанда адамның көзінің көру қабілеті бірден жақсы болмайды, яғни, көзіңіз ашып немесе бұлдырап тұрады. Ұйқыдан ояна сала көз дайындығынсыз сізге қарсы қарап тұрған айнадағы өз бұлыңғыр бейнеңізді көріп, шошып қалуыңыз мүмкін.

    Осы айтылғандардан сақтану үшін айнаны күн сәулесі мол түсетін тұсқа қою қажет. Сонда жаман энергия жойылады.

    Еске сала кетсек, осыған дейін Интернет-алаяқтарға алданбаудың жолын айтқан болатынбыз.

    Ал ішкі істер министрлігі WhatsApp арқылы жеке куәлік пен банк картасының фотосын жіберуге болмайтынын мәлімдеген.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    Айнаға неліктен көп қарауға болмайды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.