jitsu gif branding logo appbranding logo app
Эзотерика

    Ораза кезінде байқаусызда су жұтып қойған адам не істеуі керек

    : Instagram

    Ораза кезінде абайсызда су жұтып қойған адам не істеуі керек? Оқырманның бұл сауалына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімі жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы muftyat.kz-ке сілтеме жасап.

    Фото: freepik.com
    Фото: freepik.com: Instagram

    Дін мамандарының сөзінше, Ханафи мәзһабы бойынша Рамазан айында ауыз бекіткен адам абайсызда немесе әдейі оразасын бұзса, сол күнгі оразасын соңына дейін ұстауы қажет екенін айтады.

    "Абайсызда" дегеніміз, мысалы, дәрет алып жатып байқамай су жұтып қойса, таң атпады екен деп сәресін жеуді тоқтатпаса т.б. Ал "әдейі" дегеніміз ораза екенін біле тұра су ішу не тағам жеу, я болмаса, біле тұра жыныстық қатынасқа түсу және тағы басқа", - деп түсіндірді олар.

    Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: "Кім бір нәрсе жеп, оразасын бұзған болса, сол күнгі оразасын аяғына дейін тәмәмдасын...", - дейді.

    "Бірақ кейін, яғни Рамазан айы біткеннен соң абайсызда бұзған жағдайда тек сол күнгі оразаның қазасын өтейді, ал әдейі бұзған жағдайда екі ай кәффарат оразасын ұстайды", - дейді мамандар.

    Айта кетейік, бұған дейін ҚМДБ-ның пәтуа бөлімі оразаны бұзатын және бұзбайтын жағдайлар туралы айтқан еді.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

    Ораза кезінде байқаусызда су жұтып қойған адам не істеуі керек

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.