jitsu gif
Эзотерика

    Ислам бойынша әйел адам мәһірге не сұрау керек

    Келіншек той көйлегімен тұр
    Көрнекі сурет: pixabay.com

    Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2019 жылы мәһірдің мөлшері жайында үкімді жария етті. Бұл туралы басқарманың ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Мәһір – әйелдің неке қияр алдында күйеуінен талап етуге құқылы шариғат белгілеген ақысы.

    Алла Тағала Құранда: "Үйленетін әйелдеріңе мәһірлерін (қалыңдық сыйын) шын көңілден тарту етіңдер. Егер олар шын көңілден сол мәһірдің бір бөлігін өздеріңе қайтарып берсе (яғни, оның бір бөлігін отбасының ішіп-жеміне жұмсаса), оны тәбетпен ішіңдер, жеңдер, ас болсын!" («Нисә» сүресі, 4-аят) деп әмір еткен.

    Шариғат бойынша мәһір беру – міндет. Бірақ ол некенің шартына кірмейді, яғни мәһір берілмей қиылған неке дұрыс болып саналады.

    Ханафи мәзһабы бойынша мәһірдің ең аз мөлшері – 10 дирхам. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): "Он дирхамнан азы мәһір емес" деген. Сол заманда 10 дирхам бір алтын динарға тең болған. Ал бір динардың салмағы 4,25 граммға жеткен. Мәһірдің құны осы мөлшерден төмен белгіленген жағдайда оны 10 дирхамға толтыру керек. Ол ақшалай немесе заттай берілуі мүмкін.

    Алайда мәһір сұраған сәтте ер азаматтың материалдық деңгейін, отбасының әлеуметтік жағдайын ескерген жөн. Өйткені, мәһір күйеуді қарызға батыратындай көп немесе қыздың көңілін ренжітетіндей кем болмауы керек. Мәһірді бірден беруге шамасы жетпесе, оның бір бөлігін алдын ала (мәһір муғажжәл) беріп, қалғанын кейін (мәһір муәжжәл) бере алады.

    1. Мәһір – қалыңдықтың ақысы. Келісілген мәһірді бермеу – күнә.

    2. Мәһір ақшалай немесе заттай беріледі. Оның сипаты мен мөлшері анық көрсетілуі керек.

    3. Мәһірдің ең аз мөлшері 10 дирхам, яғни 4,25 гр алтын немесе оның құнына тең болуы тиіс. Жоғарысының шегі жоқ, бірақ оны екі жақтың жағдайына қарап белгілеген орынды.

    4. Мәһірді бірден беруге шамасы жетпесе, оның бір бөлігін алдын ала беріп, қалғанын кейін бере алады.

    Ислам бойынша әйел адам мәһірге не сұрау керек

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.