jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Таңғажайып астрономиялық құбылыс": 25 қазанда күннің тұтылуын еліміздің қай өңірлерінен көруге болады

    күннің тұтылуы
    Күннің тұтылуы. Көрнекі фото: pixabay.com

    25 қазанда Қазақстанның барлық аумағында күннің жартылай тұтылу құбылысын байқауға болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    В.Г. Фесенкова атындағы астрофизика институты директорының орынбасары Рашит Валиуллиннің басылымға айтуынша, қазіргі күн тұтылу құбылысы - 2004 жылдың 14 қазанындағы күннің жартылай тұтылуының қайталануы.

    "Ай мен Күн тұтылуының алдыңғы ретпен қайталанатын бұл уақыт аралығы (шамамен 18 жыл) астрономияда "сарос" деп аталады. Сондықтан "сарос" бойынша келесі тұтылу 2040 жылдың 4 қарашасында болады", - дейді Рашит Валиуллин.

    Басылымның хабарлауынша, аталған институт мамандары еліміздің бірнеше өңірі бойынша күннің тұтылу уақытын есептеп шығарған.

    Оған сәйкес, күн тұтылуының максималды фазасы (83 пайыз) Астанада байқалады. Мамандардың есептеуінше, елордада күннің тұтылу 25 қазанда 16:06-да басталып, максималды фаза сағат 17:17-де болады. Алматыда күн тұтылуы жергілікті уақыт бойынша сағат 16:26-да басталып, максималды фазасы 17:35-те болады, дейді мамандар.

    Ал Петропавлда (80 пайыз) – сағат 17:08-де, Павлодарда (79 пайыз) – 17:18-де, Оралда (71 пайыз) – сағат 16:00-де, Атырауда (69 пайыз) - 16:07-де, Шымкентте (69 пайыз) - 17:32-де болады деп күтілуде.

    Валиуллиннің сөзінше, бұл таңғажайып астрономиялық құбылысты көздің көру қабілетіне зиян келтірмей бақылау үшін сақтық шараларын сақтау қажет.

    "Күн тұтылуын экран проекциясы арқылы бақылаған дұрыс. Сонымен қатар күңгірт сүзгі немесе дәнекерлеуші көзілдірігі арқылы күнге тікелей қарауға болады", - дейді Рашит Валиуллин.

    "Таңғажайып астрономиялық құбылыс": 25 қазанда күннің тұтылуын еліміздің қай өңірлерінен көруге болады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.