jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Қаза мен нәпіл оразаға қатар ниет етсе бола ма: ҚМДБ мамандары жауап берді

    Шай құйылған ыдыс
    Ауызашар уақыты. Көрнекі фото: pixabay.com

    Қаза мен нәпіл оразаға қатар ниет етуге бола ма? Бұл сұраққа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Алматы Пәтуа бөлімі Instagram-дағы ресми парақшасында жауап берді.

    Алматы Пәтуа бөлімі мамандарының айтуынша, рамазан айындағы қаза ораза, сондай-ақ шәууәл айының 6 күндік оразасы бір ниетпен емес, әрбірі жеке-жеке өтелуі керек.

    "Себебі, оразаның әр күні өз алдына бір ғибадат. Сондықтан, әр күн үшін жеке ниет етілуі тиіс. Имам Әбу Юсуфтың тұжырымы бойынша, қаза мен нәпіл оразаны бір ниетпен ұстаған адамның қаза оразасы ғана есептеледі.

    Имам Мұхаммед бұл тәрізде ұсталған ораза нәпіл саналады деп пәтуа айтқан. Рамазан айында түрлі себептермен кей күндерін қаза етіп алған кісілер шәууәл айында әуелі рамазанның қазасын өтеуіне де, сонымен бірге шәууәлдің алты күндік нәпілін ұстаса да болады.

    Шәууәл айының оразасы нәпіл ораза болып табылады. Ал нәпіл оразаға түске дейін ниет етуге болады. Ал рамазанның оразасы қаза болғандықтан, оған түннен бастап ниет ету шарт", - дейді дін мамандары.

    Бұған дейін имам Нұрлан Байжігітұлы шәууәл айының оразасын ұстау міндет пе деген сұраққа жауап берген еді.

    Қаза мен нәпіл оразаға қатар ниет етсе бола ма: ҚМДБ мамандары жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.