jitsu gif branding logo appbranding logo app
Отбасы

    Бейтаныс жан сізге себепсіз гүл сыйласа қандай сезімде болар едіңіз?

    : UGC

    Бейтаныс жан сізге өте сұлу екендігіңізді айтып, гүл сыйласа қандай сезімде болар едіңіз?! Мұндай тосын әрекет жұмыс барысындағы адамға қалай әсер етпек? Бұл сұрақтың жауабын алматылық фотограф Әділет Рахметолла Халықаралық әйелдер күні қарсаңында іздеп көрді деп хабарлайды NUR.KZ.

    Әділет Рахметолла
    Әділет Рахметолла: UGC

    Шара барысында біз әртүрлі қызметтегі әйелдерді суретке түсіріп, кейін "сіз сондай әдемісіз. Мына гүл сізге" деп ілтипатымызды білдірді және ол кісілердің жүздеріндегі бақыт пен таңқырауды камера объективіне түсіріп үлгерді.

    Әрине, фотоаппаратты көрген кезде қашқақтап, бас тартқан жандар аз болмады. Алайда, біз өзіміздің кәсібилігімізді іске қосып, қажетті кадрларды табуға тырыстық.

    Фото авторы: Әділет Рахметолла
    Фото авторы: Әділет Рахметолла: UGC

    Кім де болса көше сыпыруға қуанып шықпасы анық қой. Мысалы, көше сыпырып жүрген тәтеміз әуелі қарсы болды.

    Фото авторы: Әділет Рахметолла
    Фото авторы: Әділет Рахметолла: UGC
    "Біз түсіру керекпіз. Бізге сондай тапсырма түсті" деп алдап фотоға түсіріп алдық. Кейін "сіз сондай сұлусыз. Бақытты болыңыз" деп қолымыздағы гүлді ұсынған кезде қуаныштан жүзі бал-бұл жайнап кетті.

    Самса сататын аруға "сіз сұлусыз. Мына гүл сізге" деп сыйлаған кезде мүлдем сенбеді. "Қазір сьемкадан кейін алып кетесіздер ме? Шынымен де маған ба?" деп таңғалып біраз түсінбей тұрды.

    Фото авторы: Әділет Рахметолла
    Фото авторы: Әділет Рахметолла: UGC

    Фотомоделдерімнің арасында "гүл алмағалы 5-6 жыл болып еді. Мынау бір бақыт болды ғой" деп қуанғандар да, "тоңып жүргенде жаныма жылу сыйладыңыздар" деген әпкелеріміз де, "өзіңнің ақшаңа сатып алдың ба? Қап, бекер шығындалдың ғой" деп қалтамызды аяған жандар да болды.

    Фото авторы: Әділет Рахметолла
    Фото авторы: Әділет Рахметолла: UGC

    Ең бастысы, сыйлықтың бағасы емес, мейірімділіктің маңызды екенін сезіндік.

    Фото авторы: Әділет Рахметолла
    Фото авторы: Әділет Рахметолла: UGC

    Өздеріңіз фотосуреттерге мұқият қарасаңыздар, жылы сөз әйелдерді ерекше әрлейтінін сөзсіз түсінесіздер. Сондықтан, айналаңыздағы нәзік жандыларға жиі ілтипат көрсетіп, махаббатқа толы жылы сөздеріңізді айтудан шаршамаңыздар.

    Фото авторы: Әділет Рахметолла
    Фото авторы: Әділет Рахметолла: UGC

    Фото авторы: Әділет Рахметолла
    Фото авторы: Әділет Рахметолла: UGC

    Фото авторы: Әділет Рахметолла
    Фото авторы: Әділет Рахметолла: UGC

    Фото авторы: Әділет Рахметолла
    Фото авторы: Әділет Рахметолла: UGC

    Фото авторы: Әділет Рахметолла
    Фото авторы: Әділет Рахметолла: UGC

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.