jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Балалармен далада қалатын күн туады": Дина Таңсәрі әйелдерге неке шартын жасауға кеңес берді

    Дина Таңсәрі
    Дина Таңсәрі. Фото: Facebook/Дина Тансари

    "НеМолчи.kz" қоғамдық қорының жетекшісі Дина Таңсәрі тұрмыстағы әйелдерге үндеу жасады. Ол өзінің Facebook парақшасында әйелдерге күйеуімен арадағы ортақ мүлікке заңды құқығын орнату үшін неке шартын жасап алуға кеңес береді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Дина Таңсәрінің сөзінше, егер ер адам отбасында әйелімен бірлесіп тапқан мүлікті өз туыстарының атына жаздыртып алса, ол әйелі мен балаларына заңды түрде тиесілі нәрсені ұрлаумен тең.

    "Әйелдерге айтарым, егер жұбайыңыз бірлесіп қол жеткізген мүліктеріңізді анасына, әкесіне, әпке-қарындасына, бауырының атына рәсімдеуді талап етсе, онда ол сізге және балаларыңызға заң бойынша тиесіліні ұрлады деген сөз. Балалармен далада қалатын күн туғанда сіздің отбасыңыздың мүлігін өз ата-анасына қалдыру мақсатында осылай жасалынады.

    Мұндай нәрсе іс жүзінде некедегі татулыққа сызат түсіреді, барлық мүлік ешқайсының құқығын таптамай, тепе-тең бөлінуі керек!", - деп жазды Дина Таңсәрі.

    Осы орайда қоғам белсендісі жұмыс істемейтін, бала күтімімен үйде отырған әйелдерге де сөз арнады.

    "Егер жұмыс істемесеңіз, сіз жатыпішерсі деген сөз емес. Сіз балаларды бағып, күйеуіңіздің алаңсыз жұмыс істеуіне, кәсіби жоғарылауына жағдай жасап отырсыз. Ол өзінің әкелік құқығын керек жерде талап ете алады, алайда сіздің ортақ меншіктегі мүлікке таласыңыз бар. Күйеуге шықпай тұрып та, некеде болсаңыз да неке шартын жасап алыңыздар. Жеке қаржылық істеріңізге ата-аналарыңызды араластырмаңыздар", - деген үндеу тастады қоғам белсендісі.

    Ол өзі жетекшілік ететін қоғамдық қорға осындай отбасылық дәстүрдің кесірінен балаларымен далада қалған әйелдер жиі хабарласатынын жеткізген.

    "Балалармен далада қалатын күн туады": Дина Таңсәрі әйелдерге неке шартын жасауға кеңес берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.